"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілд

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 462 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 398-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 203-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 219, 225-5 және 232-баптарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты мониторингтеу мен басқаруды, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.

      Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың есебін жүргізу үшін тіркеу және реттік нөмірлерін (эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылған жағдайда) беру және мәліметтерді тиісті тізілімдерге енгізу жолымен мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерліктерін тіркеу мен есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Мыналар:

      1) мына:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық банк);

      Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрі – мемлекеттік қарыздар);

      2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген қарыздары (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздар);

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – мемлекеттік кепілдіктер);

      4) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктері;

      5) мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар;

      6) мемлекет кепілгерлігі тіркеуге және есепке алуға жатады.

      6. Бағалы қағаздарды шығару нысанында тартылған қарыздарды қоспағанда, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға, мемлекеттік кепілдіктерге, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерге және мемлекет кепілгерліктеріне тіркеу нөмірлерін беру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тіркеу нөмірінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "6. Мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік кепілдіктер мен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мен есепке алу";

      29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мен есепке алу:

      кепілдік берушінің мемлекеттік емес қарыз бойынша міндеттемелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдауы туралы қарыз берушінің жазбаша хабарламасы түрінде ресімделген кепілдік міндеттемесі – хат-хабарлама негізінде ол қарыз берушіге берілген мерзімге дейін жүзеге асырылады;

      кепілдік шарты – кепілдік шартының түпнұсқасы немесе кепілдік шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;

      экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шарты – экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартының түпнұсқасы немесе экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартының нотариалды расталған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

      30. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мемлекеттік кепілдік пен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны мемлекеттік кепілдіктердің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің дерекқор тізіліміне енгізу жолымен жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартын жасасу нысанында тіркеу экспортты қолдау жөніндегі кепілдік шартына тіркеу нөмірін беру, тіркеу журналына жазу және оны экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер дерекқорының тізіліміне енгізу жолымен жасалады.";

      31, 32 және 32-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік кепілдіктің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есептік сипаттамаларын (кепілдіктің нөмірі және оның ресімделген күні, кепілдіктің нөмірі және оның тіркелген күні, кепілдік берілген валюта және сома, кепілдіктің қолданылу мерзімі) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.

      Мемлекеттік кепілдік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сәйкесінше өз қолданысын 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 223 және 225-7-баптарына сәйкес тоқтатады.

      32. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      32-1. Мемлекеттiк кепiлдiктердің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 32-3-тармақпен толықтырылсын:

      "32-3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің түпнұсқалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы барлық міндеттемелерді экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ұлттық компаниясы толық орындағанға дейін сақталуға жатады.";

      42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мемлекеттік сыртқы қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыз алушыға осы Қағидалардың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тіркеу туралы куәлік береді.

      43. Тіркелген құжаттарға, сондай-ақ оның негізінде мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу жүргізілген құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат мұндай өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде есепке алу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 462 қаулысына
қосымша
  Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген қарыздарды,
мемлекет кепілгерлігімен берілетін
қарыздарды, мемлекеттік
кепілдіктерді, экспортты қолдау
бойынша мемлекеттік
кепілдіктер мен мемлекет
кепілгерліктерін тіркеу және
есепке алу қағидаларына
4-қосымша

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы
КУӘЛІК

      Осымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті ______ нөмірімен тіркейді.

      Алушы:__________________________________________________

      (экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      Қазақстан Республикасы ұлттық компаниясының атауы және орналасқан жері)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы

      ______________________________________________________________

      (цифрлармен және жазумен көрсету)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты

      ______________________________________________________________

      (шарттың нөмірі мен күні)

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі

      ______________________________________________________________

      Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берудің негіздемесі

      ______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі

      _____________________

      Мөр орны

      _____________________