"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 454 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)" тәртібі;

      2-тармақтың 5-1) тармақшасының екінші бөлігі алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті, көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, оның көлеміне қарамастан, ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларында, 14-тармағында көрсетілген ғимараттарда тұрақты орнатылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылуы тиіс.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібінің сақтауын қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 13-2 тармақпен толықтырылсын:

      "13-2. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде) орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұлттық стандартқа сәйкес әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын осы Қағидаларға сәйкес бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктерін ескереді және мынадай параметрлерді пайдаланады:";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин