Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 және "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 402 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтың 52) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткінің, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді;";

      2) "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 693-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне (бұдан әрі – тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібін айқындайды.".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин