"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлік (бұдан әрі – мүлік) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан республикалық меншіктен Түркістан облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Түркістан облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин | 
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 278 қаулысына қосымша | 
Республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мемлекеттік мүліктің тізбесі
| 
Р/с | Объектілердің атауы | Негізгі параметрлері | 
| 1 | Бөген өзеніндегі Бөген су қоймасы | көлемі – 370 млн.м3 | 
| 2 | Түркістан магистралды каналы | ұзындығы – 142 км | 
| 3 | Қарашық өзеніндегі Қосқорған су қоймасы | көлемі – 37,3 млн.м3 | 
| 4 | Арыс магистралды каналы | ұзындығы – 59,7 км | 
| 5 | Қараспан магистралды каналы | ұзындығы – 24 км |