Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 274 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ 274 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген 3-бөлімде:

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де, оның ішінде: экспорттық түсімнің бар болуын анықтау үшін ковенанттарды белгілеу шарттары тиісті кредиттік келісімде белгіленеді. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру үшін іріктеу кезінде басымдық осындай жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап 1 (бір) қаржы жылынан кейін экспорттық түсімнің жыл сайын кемінде 5 % өсуін қамтамасыз ететін жобаларға берілуі тиіс. Мұндай жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін алдыңғы 2 (екі) жыл ішінде ШОК субъектілерінің экспорттық түсімінің көлемін экспорттық түсімнің орташа жылдық көлемі деңгейінде сақтауды қамтамасыз ететін экспортқа бағытталған жобаларды экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе қаржыландыруға жол беріледі.";

      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соңғы қарыз алушылардың осы Жоспарға 1-1-қосымша мен техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеушінің С секциясы (Өңдеу өнеркәсібі) 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07-сыныбына сәйкес келетін тамақ өнеркәсібі саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі - кредит сомасының кемінде 25 %-ы.

      2019 жылдан бастап ШОК субъектілерін қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 50 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорттау алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жолданатын болады.

      Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру - өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға ШОК субъектілерінің жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОК субъектілеріне қаражат беру.

      14 және 15-бөліктерде көзделген пропорцияларды сақтау ЕДБ-нің қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.";

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ орналастырылатын қаражатты мақсатына сай пайдаланбаған, толықтай немесе ішінара игермеген жағдайларда, сондай-ақ кредиттік келісімде көзделген өзге де жағдайлар туындаған кезде "Даму" КДҚ" АҚ ЕДБ-ге қатысты кредиттік келісімнің талаптарына сәйкес шаралар қолданады, оның ішінде кредиттік келісімдерді мерзімінен бұрын бұзу, және/немесе орналастырылған қаражатты, кейін оларды басқа ЕДБ-лер арасында қайта бөле отырып кері қайтарып алу, және/немесе ЕДБ портфелін (ШОК субъектілеріне банктік қарыздар шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқа ЕДБ-ге беру мәселесіне бастама көтеру. Кері қайтарып алынған, ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу, сондай-ақ ЕДБ портфелін (ШОК субъектілеріне банктік қарыздар шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқа ЕДБ-ге беру ЕДБ арасында Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген 4-бөлімде:

      екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі;";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ШОК субъектілеріне кредит беру мақсаты:

      1) негізгі құралдардың түпкілікті қарыз алушылар үшін жаңаларын (яғни түпкілікті қарыз алушылар алғаш пайдаланатын) сатып алу, құру және жаңғырту;

      2) әрбір ЕДБ-ге кредит қаражаты сомасының 50 %-ына дейін қолданыстағы инвестициялық кредиттерді қайта қаржыландыру;

      3) экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру мақсаттары үшін айналым қаражатын толықтыру және/немесе инвестициялық жобаларды қаржыландыру".

      2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген кіші бөлімде:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Даму" КДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде және өңдеу өнеркәсібіне қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы ШОКС-тың инвестициялық жобаларын қаржыландыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды;

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру мақсатына ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі құрайды, оның ішінде ЕДБ лимитінің кемінде 25 %-ы тамақ өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру мақсатына жұмсалады.

      Бұл ретте, Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібіне қатысты көрсетілетін қызметтер саласындағы жобаларды іске асыратын ШОКС-қа айналым қаражаты берілмейді.

      2019 жылдан бастап ШОКС-ті қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 25 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жолданатын болады. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға ШОКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОКС қаражатын беру.

      4-тармақтың 7) тармақшасында көзделген пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де, оның ішінде: экспорттық түсімнің бар болуын анықтау үшін ковенанттарды белгілеу шарттары тиісті кредиттік келісіммен, банктік қарыз шартымен белгіленеді. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру үшін іріктеу кезінде басымдық осындай жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап 1 (бір) қаржы жылынан кейін экспорттық түсімнің жыл сайын кемінде 5 % өсуін қамтамасыз ететін жобаларға берілуі тиіс. Мұндай жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін алдыңғы 2 (екі) жыл ішінде ШОКС субъектілерінің экспорттық түсімінің көлемін экспорттық түсімнің орташа жылдық көлемі деңгейінде сақтауды қамтамасыз ететін экспортқа бағытталған жобаларды экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе қаржыландыруға жол беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЕДБ орналастырылатын қаражатты мақсатына сай пайдаланбаған, толықтай немесе ішінара игермеген жағдайларда, сондай-ақ кредиттік келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген өзге де жағдайлар туындаған кезде "Даму" КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ ЕДБ-ге қатысты кредиттік келісімнің, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес шаралар қолданады, оның ішінде кредиттік келісімдерді, банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзу және/немесе кейін басқа ЕДБ-лер арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты оларды кері қайтарып алу, және/немесе ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ке құқықтар (талаптар) беру мәселесіне бастама көтеруге құқылы. Кері қайтарып алынған, ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген қаражатты ЕДБ арасында қайта бөлу, сондай-ақ ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ке құқықтарды (талаптарды) басқа ЕДБ-ге беру Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімнің 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ШОКС қатысушылар бола алмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімнің 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ІҚС қатысушылар бола алмайды.".

      3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Жалпы ережелер" деген бөлімде:

      "Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері" деген кіші бөлімде:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Даму" КДҚ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-нан аспайтын бөлігін ЕДБ өңдеуші өнеркәсіпте ШОКС-ке берген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-нан аспайтын бөлігін ЕДБ өңдеуші өнеркәсіпте ШОКС-тің айналым қаражатын толықтыру мақсатына бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын өңдеуші өнеркәсіпте ЕДБ ШОКС-тің жаңа жобаларын қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды.

      Бұл ретте, Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 25 %-ын ЕДБ ШОКС-тің тамақ өнеркәсібіндегі жобаларын қаржыландыру және қайта қаржыландыру үшін бағыттайтын қарыздарының үлесі құрайды.

      2019 жылдан бастап ШОКС-ті қаржыландырудан қайтарылған қаражат есебінен 25 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыруға жолданатын болады.

      Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру - өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға ШОКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ШОКС қаражатын беру.

      4-тармақтың 7) тармақшасында көзделген пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.";

      5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "ҚДБ" АҚ мен ЕДБ арасында жасалған банктік қарыз шартының шеңберінде:

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 50 %-ынан аспайтын бөлігін ЕДБ ІКС-ге берілген қарыздарды қайта қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-ынан аспайтын бөлігін ЕДБ ІКС-нің айналым қаражатын толықтыру мақсатына бағыттаған қарыздар үлесі құрайды;

      Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 25 %-ын ЕДБ ІКС-нің жаңа жобаларын қаржыландыруға бағыттаған қарыздар үлесі құрайды.

      2019 жылдан бастап ІКС-нің қолданыстағы кредиттік желілерінің жабылуына қарай босайтын қаражат есебінен 25 млрд. теңге Ұлттық қор қаражатының айналым мерзімінің соңына дейін қайтарылатын негізде ІКС-нің экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларын қаржыландыруға жолданатын болады.

      Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру – өнімді өндіруге және экспортқа өткізуге байланысты айналым қаражатын толықтыруға ІКС жобасын қаржыландыру. Экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру – кейіннен экспорт үшін өнім өндіру мақсатында инвестициялық шығындарды жүзеге асыруға ІКС қаражатын беру.

      Пропорцияларды сақтау ЕДБ қаражатын екінші рет орналастыруға қолданылмайды.";

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де, оның ішінде: экспорттық түсімнің бар болуын анықтау үшін ковенанттарды белгілеу шарттары тиісті кредиттік келісіммен, банктік қарыз шартымен белгіленеді. Экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыру және/немесе экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру үшін іріктеу кезінде басымдық осындай жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап 1 (бір) қаржы жылынан кейін экспорттық түсімнің жыл сайын кемінде 5 % өсуін қамтамасыз ететін жобаларға берілуі тиіс. Мұндай жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін алдыңғы 2 (екі) жыл ішінде ІКС/ШОКС субъектілерінің экспорттық түсімінің көлемін экспорттық түсімнің орташа жылдық көлемі деңгейінде сақтауды қамтамасыз ететін экспортқа бағытталған жобаларды экспорт алдындағы/экспорттық қаржыландыруға және/немесе қаржыландыруға жол беріледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ЕДБ орналастырылатын қаражатты мақсатына сай пайдаланбаған, толықтай немесе ішінара игермеген жағдайларда, сондай-ақ кредиттік келісімде немесе банктік қарыз шартында көзделген өзге де жағдайлар туындаған кезде "Даму" КДҚ" АҚ, "ҚДБ" АҚ ЕДБ-ге қатысты кредиттік келісімнің, банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес шаралар қолданады, оның ішінде кредиттік келісімдерді, банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын бұзу және/немесе кейін басқа ЕДБ-лер арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты оларды кері қайтарып алу, және/немесе ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ке құқықтар (талаптар) беру мәселесіне бастама көтеруге құқылы. Кері қайтарып алынған, ЕДБ мерзімінен бұрын өтеген қаражатты ЕДБ арасында қайта бөлу, сондай-ақ ЕДБ портфелін (банктік қарыз шарттары бойынша ШОКС/ІКС-ке құқықтарды (талаптарды) басқа ЕДБ-ге беру Мемлекеттік комиссияның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімнің 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей түрде мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ШОКС қатысушылары бола алмайды.";

      "Өңдеу өнеркәсібінде ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары" деген кіші бөлімнің 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ІҚС қатысушылары бола алмайды".

      4. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 23, 142-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

      "Қаржыландыру тетіктері мен шарттары" деген бөлімде:

      "4. Отандық экпорттаушыларды қолдау" деген тарауда:

      "Отандық экспорттаушыларды қолдау шеңберінде тікелей кредит беру, негізделген және лизингтік қаржыландыру" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Бейрезидент-импорттаушыларға/бейрезидент-импорттаушылардың қаржы институттарына (ұйымдарына) шетелдік валютада кредит беру мақсатында бейрезидент-импорттаушыларға/отандық өнімнің бейрезидент-импорттаушыларының қаржы институттарына (ұйымдарына) кейіннен кредит беру мақсатында осы ұйымдардан шетелдік валютада қаражат тарту үшін "ҚДБ" АҚ ішкі қағидаларына сәйкес "ҚДБ" АҚ-ға халықаралық қаржы институттарына және басқа ұйымдарға ұлттық валютада қарыз беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі.".