"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 218 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 377 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 29, 246-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 218 қаулысына
қосымша Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 377 қаулысына
1-қосымша

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін мемлекеттік органдардың өкілдері


Қасымбек

Жеңіс Махмұдұлы


-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Омаров

Сапархан Кесікбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Дəленов

Руслан Ерболатұлы


-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Шолпанқұлов

Берік Шолпанқұлұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі