Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мəселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78-79, 588-құжат) мынадай толық тырулар енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "индикаторлары бекітілсін." деген сөздер "индикаторлары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.";
осы қаулыға қосымшаға сəйкес жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшем шарттарымен (қағидаттарымен) толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жария ланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.МАМИН |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №114 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген |
Жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары)
Жекешелендірілген компаниялар тізіміне енгізуге бастамашылық ету үшін компанияның мына өлшемшарттардың біріне сəйкес келуі негіз болып табылады:
1) компания 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 192-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарға сəйкес келмейтін кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырады;
2) компания Кодекстің 24-бабының 3-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сəйкес шағын кəсіпкерлік субъектісі болып табылады;
3) мемлекет заңды тұлға қызметінің маңызды аспектілеріне қатысты стратегиялық шешімдерді қабылдау құқығын бермейтін, бақыланбайтын акциялар пакетін (қатысу үлестерін) иеленеді. Бұл өлшемшарт қызметі ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, стратегиялық жəне əлеуметтік маңызы бар объектілерді пайдаланумен жəне күтіп ұстаумен байланысты заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.