"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 52 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар):

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Апта сайын бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізуді көздейтін барлық деңгейдегі әкімдіктердің жыл сайынғы спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуі (кемінде 52 іс-шара)

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (қаңтар)

жергілікті бюджет:
2016 жылы – 1124,7;
2017 жылы – 1184,1;
2018 жылы – 1249,4

жергілікті бюджет

2.

Халықтың
жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ел азаматтарының бос уақытта спортпен шұғылдануын ұйымдастыруға бағдарланған дене шынықтыру-спорттық бірлестіктермен және спорт клубтарымен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (қаңтар)

-

қаражат талап етілмейді

3.

Халықтың нысаналы топтары арасында Тұңғыш Президент – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың дене дайындығы тестілерін тапсыруды ұйымдастыру

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

жергілікті бюджет:
2016 жылы – 0,2;
2017 жылы – 0,2;
2018 жылы – 0,2

жергілікті бюджет

4.

Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клубтарында ашық есік күндерін өткізу

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

-

қаражат талап етілмейді

5.

"Елдің спорттық өмірі орталығы" өңіраралық спорттық эстафетаны ұйымдастыру

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

жергілікті бюджет:
2016 жылы – 4,4;
2017 жылы – 4,5;
2018 жылы – 4,6

жергілікті бюджет

6.

Бұқаралық, ұлттық және мүгедек спортшылар арасында спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау және өткізу

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

республикалық бюджет: 240,0;
жергілікті бюджет:
2016 жылы – 4510,2;
2017 жылы – 4326,0;
2018 жылы – 4518,6

республикалық бюджет (035100, 036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет

      ";

      реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадалар, Универсиадалар және республикалық жастар ойындарын, баскетболдан, волейболдан, футболдан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын өткізу

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

жергілікті бюджет:
2016 жылы – 2135,6;
2017 жылы – 2312,2;
2018 жылы – 2471,3

жергілікті бюджет

13.

"Айбын" әскери-патриоттық жастар республикалық жиынын өткізу

Қорғанысминіне ақпарат

МСМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

республикалық бюджет:
2016 жылы – 83,0;
жергілікті бюджет:
2016 жылы – 9,2;
2017 жылы – 9,3;
2018 жылы – 9,4

республикалық бюджет (047 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет

      ";

      реттік нөмірлері 18 және 19-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Қазақстан Республикасы аумағындағы спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға ұлттық құрама командалардың дайындығы және қатысуы

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

республикалық бюджет:
2016 жылы – 43,9;
2017 жылы – 43,9;
2018 жылы – 43,9;
жергілікті бюджет:
2016 жылы – 2242,2;
2017 жылы – 1907,4;
2018 жылы – 2306,8

республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет

19.

Ұлттық құрама командалардың спорт түрлері бойынша Қазақстан аумағынан тыс халықаралық жарыстарға қатысуы

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

жыл сайын (желтоқсан)

республикалық бюджет:
2016 жылы – 1176,2;
жергілікті бюджет:
2016 жылы – 1733,6;
2017 жылы – 1807,9;
2018 жылы – 1902,9

республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет

      ";

      реттік нөмірлері 21 және 21-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21.

Жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындарына дайындық және оған қатысу

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері

2016 жылғы желтоқсан,
2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2016 жылы – 3 474,2;
жергілікті бюджет:
2016 жылы – 933,2;
2017 жылы – 806,4;
2018 жылы – 898,1

республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет

21-1.

Ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" фестивалін ұйымдастыру және өткізу

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері, "Ұлттық және ат спорты орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

республикалық бюджет:
2018 жылы – 216308,0

республикалық бюджет:
(035100 бюджеттік бағдарламасы), 
жергілікті бюджет

      ";

      реттік нөмірі 21-4-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34.

Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу

МСМ-ге ақпарат

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ

жыл сайын (желтоқсан),
2018 жылдан бастап

жергілікті бюджет:
2016 жылы – 1,0;
2017 жылы – 1,0;
2018 жылы – 37,0

жергілікті бюджет

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев