Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж. № 2, 9-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 16 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 19 қаулысымен бекітілген |
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізде) және ішкі суларында уақытша пайдаланылатын шетелдік өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) рұқсаттамалар (бұдан әрі – рұқсаттама) беру тәртібін айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастамашылар) порттан (орналасу пунктінен) шыққанда, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында болған кезде және қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерде (құралдарда) және мұз үстімен жылжитын құралдарда портқа (орналасу пунктіне) оралған кезде Шекара қызметі өкілдерінің талабы бойынша Шекара қызметі берген рұқсаттамаларын және жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру үшін береді.
3. Шекара қызметі шекаралық кеңістікте іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде рұқсаттамаларға шектеулер қоюға немесе қолданысын уақытша тоқтата тұруға құқылы, ол туралы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды хабардар етеді.
2. Рұқсаттамалар беру тәртібі
4. Бастамашылар рұқсаттамалар алу үшін электронды форматта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) Шекара қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдар тізімін қоса бере отырып, қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну (бұдан әрі – ұсыну);
2) аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдардың рұқсат беру құжаттарының көшірмелері.
5. Аумақтық суларда (теңізде) теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізуге ниеттенген мемлекеттік органдар және ұйымдар портал арқылы Шекара қызметіне ұсынулар енгізген кезде:
1) жобаның сипаты және мақсаты;
2) кемелердің атауын, типін және сыныбын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;
3) зерттеу жүргізетін кемелер келетін және кететін немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылатын және алып тасталатын күн;
4) жобаға жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпараты бар қосымша құжаттарды ұсынады.
6. Енгізілетін ұсынулар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісілуге тиіс.
Келісу мерзімдері ұсыну алынған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау фактілері анықталған жағдайда Шекара қызметі екі жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынуды одан әрі қараудан жазбаша уәждеп бас тартады.
8. Шекара қызметінің ұсынуды қарау және портал арқылы рұқсаттамаларды беру мерзімі бастамашы ұсынуды енгізген сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
9. Рұқсаттаманы беруді Шекара қызметі электрондық форматта, портал арқылы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.
10. Рұқсаттама кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті жүргізуге тиісті уәкілетті органдар рұқсатының қолданылу мерзімін ескере отырып, ұсынуда көрсетілген мерзімге беріледі, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс.
Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсаттама күшін жояды.
11. Рұқсаттама жоғалған (бүлінген) жағдайда, бастамашылар Шекара қызметіне рұқсаттамаларды қайта беру туралы жазбаша өтінішхат, сондай-ақ рұқсаттамаларды жоғалту фактісі бойынша жазбаша түсініктеме береді.
Шекара қызметі үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рұқсаттаманы қайта беруді жүзеге асырады.
12. Бастамашылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін, аумақтық сулар (теңіздер) және ішкі сулар режимін бұзуымен байланысты құқық бұзушылықтары анықталғанда, сондай-ақ уәкілетті органдар заңсыз іс-қимылдарды тоқтату шараларын қолданған жағдайда Шекара қызметі оларға берген рұқсаттамаларды алып қояды.
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар алуға ұсыну
ҰСЫНУ (ПРЕДСТАВЛЕНИЕ) |
2
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығу үшін рұқсаттамалар алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың) тізімі
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған жылы, күні, айы, | Тұратын жерінің мекенжайы | Жұмыс орны, лауазымы | Жеке басын куәландыратын құжаттың № | Азаматтығы | Ескертулер |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Барлығы: __________________________________________________________ (адамдардың жалпы саны – жазбаша)
Бұл ретте мынадай техникалық құралдар тартылатын болады:
Р/с № | Техникалық құралдардың атауы | Мемлекеттік тіркеу нөмірі | Капитанның Т.А.Ә. | Ескертулер |
1 | ||||
2 |
Қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама беруден бас тарту туралы хабарлама
Қайда _____________________ | |
___________________________ | |
Кімге ______________________ | |
(бастамашының мекенжайы | |
және анықтау деректері) |
ХАБАРЛАМА
Сіздің 20___жылғы "____" ______ өтінішіңізге __________________________ ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне), ішкі суларына шығуға рұқсаттама беруден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың түрі
0000 әскери бөлімінің командирі _______________________________________ лауазымды тұлғаның қолы, Т.А.Ә. 20___ жылғы "_____" ____________________ (күні, айы, жылы)
М.О.
Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттама
РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № ______ (корешок пропуска) |
РҰҚСАТТАМА №________ (пропуск) |