"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 941 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:

      2-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын;

      5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер жобаларына 10 миллиард теңгеден астам сомаға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу бойынша 500 миллион теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда, тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.";

      7-тармақта:

      екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңдеу өнеркәсібіндегі, көрсетілетін қызметтер бойынша және агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеудегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЕДБ-ның ЖКС-ге беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған арнайы шотына субсидиялар аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, алғашқы төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Одан кейінгі төлемдер қажеттілігіне қарай қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев