"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 891 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 207 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2025 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 436 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

      мына:     

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев