"Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 875 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 44, 339-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен оның аумақтық органдары алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев