"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 872 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2 және 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.";

      "2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу және бекіту;

      2-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;";

      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) білім беру, сондай-ақ ғылыми қызмет саласында шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою; білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу және осы жұмысты үйлестіру;

      8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру;

      9) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      9-2) "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, білім беру және ғылым саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекіту;

      14-2) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) тиісті үлгілердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәсіптер мен мамандықтардың тізбелерін қалыптастыру және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын әзірлеу және бекіту";

      21), 22), 23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;

      22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асыру және оны жүргізуді үйлестіру, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      23) Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      24) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекiту әрі осы жұмысты ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру;";

      30) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      31) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      32), 36) және 38) тармақшалар алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының даярлық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 39-2) және 39-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      39-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 40-1), 40-2) және 40-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "40-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      40-2) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту және орналастыру;

      40-3) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      42) тармақша алып тасталсын;

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидаларды әзiрлеу және бекiту, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындау және бекіту;";

      46), 47) 48) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      47) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      48) білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      49) бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "56-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;";

      60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "60) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) дәрежелер беру тәртібін бекіту;";

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру тәртібін бекіту;";

      61-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-5) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлеу және бекіту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту;";

      61-17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      61-19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-19) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 61-21), 61-22), 61-23), 61-24), 61-25) 61-26), 61-27), 61-28) және 61-29) тармақшалармен толықтырылсын:

      "61-21) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту;

      61-22) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      61-23) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      61-24) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;

      61-25) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу және бекіту;

      61-26) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;

      61-27) сырттай және кешкі оқу нысандарында білім алуға жол берілмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту;

      61-28) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      61-29) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекіту және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 69-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "69-1) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру және бекіту;";

      95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;";

      98) және 99) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия (РһD) докторларын нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      99) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      100) тармақша алып тасталсын;

      106) және 107) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      107) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 107-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "107-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;";

      124) тармақша алып тасталсын;

      129) және 129-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "129) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      129-1) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      135) және 136) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "135) "Орта бiлiм беретін үздiк ұйым", "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiту;

      136) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заңды тұлғаларға мыналарды:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру;";

      2) тармақшада:

      бесінші абзац алып тасталсын;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 50-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-2) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнайы білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;";

      "3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін ұйымдастыру" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін ұйымдастыру";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.";

      "4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi";

      "5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бір жүз отыз бірінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының 1-тармағының тоқсаныншы абзацының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "61-21) экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту;".

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев