"Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 865 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 37-жол алып тасталсын.

      2. Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Баум тоғайы" мемлекеттік табиғат ескерткішін жергілікті маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiне енгізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев