Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 және "Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 833 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 561-құжат);

      2) "Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі тегін заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 593-құжат).

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев