Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 126-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік шотындағы ақша |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |