"Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 738 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2017 – 2018 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 645 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы";

      2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 20172018 жылдарға арналған жол картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 қарашадағы
№ 738 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 13 қазандағы
№ 645 қаулысымен
бекітілген

Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасы

      1. Ағымдағы жағдай

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 032,5 мың адам тұрады. Халықтың азық-түлік тауарларының негізгі түрлеріне қажеттілігі ең төменгі нормалар бойынша шамамен 635 мың тоннаны құрайды.

      Қаланың қажеттілігі Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі аймағынан, еліміздің басқа өңірлерінен өндіру және жеткізу, сондай-ақ импорт есебінен өтеледі.

      Азық-түлік белдеуі аймағына Ақмола облысының 17 ауданы (Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Сандықтау, Шортанды, Бурабай) және Қарағанды облысының 4 ауданы (Абай, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров) кіреді.

      1-кесте. Азық-түлік белдеуі аймағы есебінен Астана қаласын азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету теңгерімі

Өнімнің атауы

Жылына 1 адамға ең төменгі норма,
кг

Ең төменгі норма бойынша Астана қаласының қажеттілігі, тонна

Өзінің тұтынуын шегергенде азық-түлік белдеуі аймағы есебінен Астана қаласының қамтамасыз етілу әлеуеті, тонна

Астана қаласын қамтамасыз ету үшін қажетті көлем, тонна

Азық-түлік белдеуі аймағы есебінен қамтамасыз етілу,
%

1

2

3

4

5

6

Ұн

13

13 422

402 651,00

0

2000

1

2

3

4

5

6

Макарон өнімдері

4,41

4 553

26 461,00

0

581

Нан

70,72

73 017

73 017,00

0

100

Жылқы еті

3,2

3 304

10 634,90

0

236

Сиыр еті

4,15

15 487

32 064,50

0

119

Шошқа еті

9

9 292

18 305,00

0

107

Құс еті

5

5 162

27 097,90

0

437

Жұмыртқа*

142

146 611

1 378 143,70

0

852

Картоп

95

98 085

500 290,50

0

430

Асханалық қызылша

5

5 162

27 033,80

0

438

Қияр

5

5 162

16 935,00

0

259

Қызанақ

5

5 162

16 205,70

0

248

Қышқыл сүт өнімі

3,2

3 304

2 398

865

73

Сәбіз

20

20 650

13 144

7 830

64

Қой еті

6,3

6 505

680

5 799

10

Өңделген сүт

84,5

87 244

34000**

53 244

39

Сары май

7

4 584

1300**

3284

28

Ірімшік және сүзбе

7,23

7 465

4850**

2615

65

Аққауданды қырыққабат

25

25 812

2200**

23 612

8

Шұжық

3

3 097

2000**

1097

64

Балық

8,4

8 400

0

8 387

0

Пияз

20

20 000

0

19 982

0

Алма

25

25 000

0

24 927

0

Күнбағыс майы

7

7 000

0

7 000

0

Күріш

8,5

8 776

0

8 776

0

Қарақұмық жармасы

2

2 065

0

2 065

0

Шай

0,67

692

0

692

0

Қант

18

18585

0

18585

0

      *мың дана

      Дереккөз: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және Ақмола облысының әкімдігі**


      Осылайша, жоғарыда көрсетілген кестеге сүйенсек, Астана қаласы азық-түлік тауарларының 16 түрімен қамтамасыз етілмеген.

      Бұл тауар позицияларын 2 топқа бөлуге болады:

      1-топ, азық-түлік белдеуі аймағында өндіруге болатын тауарлар (қышқыл сүт өнімдері, өңделген сүт, сары май, ірімшік және сүзбе, аққауданды қырыққабат, сәбіз, қой еті, шұжық);

      2-топ, табиғи-климаттық және экономикалық себептерге байланысты азық-түлік белдеуі аймағында өндіру орынсыз тауарлар (пияз, алма, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық жармасы, шай, қант).

      2. Астананы азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шаралары

      Азық-түлік белдеуі аймағында бірінші топқа кіретін тауарлар өндірісін дамыту үшін қаланың және Астана қаласынан 300 км радиуста жақын жатқан аудандардың қолда бар өндірістік әлеуеті қолданылатын болады, бұл өңдеуші қуаттарды жүктеуге және астана халқын отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Республиканың басқа өңірлерінен екінші топқа кіретін азық-түлік тауарларының негізгі түрлерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін үкіметтік емес ұйым атынан "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) арқылы әр өңірде "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушыларды" іріктеу тетігі енгізілетін болады. Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесі берілетін болады, бұл оларға коммуналдық базарларды қоса алғанда, өткізу нарықтарына қол жеткізуде басымдыққа ие болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, астананың азық-түлік белдеуіне қатысушыларға "Қазагро" ҰБХ" АҚ-ның еншілес акционерлік қоғамдарынан кредит алуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, тауар өндірушілер өз өнімдерін астананың нарықтарына жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі болады.

      Сауда-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін Астана қаласында көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) құрылатын болады, ол көптеген делдалдар мен олардың алыпсатарлық баға белгілеуі проблемаларының шешімі болмақ. КТО-ның негізгі функциясы жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көтерме сатып алушылар нарығына тікелей шығуға мүмкіндік беру болып табылады. Бұл тауарларды нарықтық әділ бағамен сатуға жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар өндірушінің тауарларды сақтауға жұмсайтын шығындарын азайтады, тауар айналымын ұлғайтады. Бұдан басқа, мұндай орталықтың жұмыс істеуі өндірушінің нарық конъюнктурасы туралы білімін арттыруға мүмкіндік береді және нәтижесінде өндірістің тауарларға арналған сұранысқа тез бейімделуіне ықпал ете алады.

      Нарықты сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау бойынша зерттеулер жүргізу көлемін ұлғайту, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған фактілер туралы БАҚ-та жариялай отырып, әкелінетін және өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      3. Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы

      "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын желтоқсан айының бірінші онкүндігінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласының халқын негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жолдайды, сондай-ақ оны Астана қаласы әкімдігінің сайтында орналастырады. Аталған ақпарат облыстардың әкімдіктерін және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың кәсіпкерлер палаталарын (бұдан әрі – өңірлік палаталар) хабардар ете отырып, азық-түлік тауарларының жетіспейтін көлемін жеткізу үшін олардың жыл сайынғы тапшылығын қамтуы тиіс.

      2. Облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері атынан ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – басқарма) өңірлік палаталармен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің сайтында ақпарат орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өздерінің ресми сайттарында қажетті азық-түлік тауарларының тізбесін және кейіннен Астана қаласының азық-түлік базарларына жеткізу үшін олардың көлемін орналастырады. Азық-түлік тауарларының тізбесі Астана қаласы әкімдігінің сайтына орналастырылған жетіспейтін азық-түлік тауарлары жөніндегі ақпаратқа сәйкес келуі тиіс.

      3. "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін берудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірлік палаталар облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының деңгейінде арнайы комиссиялар (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      4. Комиссия құрамы тақ болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс, сондай-ақ басқарманың, өңірлік палаталардың, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өңірлік қауымдастықтар мен одақтардың өкілдерінен тұруы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.

      5. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте, шешім қабылдау үшін кворум комиссияның кемінде бес мүшесінен тұруы тиіс.

      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін алу үшін комиссияға мыналарды ұсынады:

      1) осы Жол картасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуға өтініш;

      2) тауарлар жеткізу туралы жасалған шарттардың көшірмелері, олар болмаған жағдайда ниет туралы жасалған шарттардың көшірмелері;

      3) өндірілетін өнімдердің сапасына сәйкестік сертификаттарының, ISO 9001, ISO 22000, ХАССП (HACCP) халықаралық стандарттарын енгізуге сәйкестік сертификаттарының олар болған жағдайда көшірмелері.

      7. Осы бөлімнің 6-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, комиссия өтінішті қабылдамайды.

      8. Құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда, комиссия 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Жол картасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қосу туралы шешім қабылдайды.

      9. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімге қосу оған автоматты түрде "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесін береді.

      10. Өңірлік палаталар комиссияның шешімі мен тізілімді қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресми сайттарында орналастырады.

      11. "Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылар" тауарлар жеткізу туралы және/немесе ниет туралы шарттар бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда, Астана қаласының әкімдігі комиссияға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімнен алып тастау туралы ұсынымдары бар хат жолдайды.

      Комиссия 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдайды.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тізілімнен алып тасталған жағдайда, комиссия алып тасталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде бұл туралы оны жазбаша түрде хабардар етеді.


4. Астана қаласының азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі 2018 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6
 

Азық-түлік белдеуі аймағында өндірісті дамыту

Астана қаласына жақын жатқан аудандарда сүт өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету

1.

Жалпы мал саны 1200 бастан тұратын 4 тауарлық сүт фермасын құру

1200 мал басына арналған 4 тауарлық сүт фермасы

2020 – 2021 жылдары

Ақмола облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты

2.

Жалпы мал саны 2400 бастан тұратын тауарлық сүт фермасын құру

2400 мал басына арналған тауарлық сүт фермасы

2020 – 2021 жылдары

Ақмола облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты

3.

Жалпы мал саны 600 бастан тұратын 2 тауарлық сүт фермасын құру

600 мал басына арналған 2 тауарлық сүт фермасы

2020 жылы

Қарағанды облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты

4.

Жалпы мал саны 400 бастан тұратын 7 тауарлық сүт фермасын құру

400 мал басына арналған 7 тауарлық сүт фермасы

2020 жылы

Қарағанды облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты

5.

Жалпы мал саны 500 бастан тұратын 2 тауарлық сүт фермасын құру

500 мал басына арналған 2 тауарлық сүт фермасы

2021 жылы

Қарағанды облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты

Астана қаласына жақын орналасқан аудандарда ет өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету

6.

Қуаты жылына 5 мың тонна болатын ет өңдеу кешенін салу

ет өңдеу кешені

2018 – 2019 жылдары

Ақмола облысының әкімдігі
 

шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты
 

1.3. Астана қаласына жақын орналасқан аудандарда көкөніс өндіруді қамтамасыз ету

7.

Астана су қоймасы аймағындағы суармалы жерлерді қалпына келтіру

суармалы жерлер

2019 – 2020 жылдары

Ақмола облысының әкімдігі

талап етілмейді
 

8.

"Нұра-Есіл" каналы бойынша суармалы жерлерді қалпына келтіру

суармалы жерлер

2019 – 2020 жылдары

Ақмола облысының әкімдігі

талап етілмейді
 

9.

Қ. Сәтпаев атындағы каналдан Тұзды су қоймасына 10 млн. м3 көлемінде су жіберуді жүзеге асыру

суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жақсарту

2019 – 2020 жылдары

АШМ,
Қарағанды облысының әкімдігі
 

254/102 "Табиғат қорғау мақсатында су жіберуді жүргізу" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

10.

Көкөніс отырғызылатын алаңдарды 235 гектарға ұлғайту

көкөніс отырғызылатын алаңдарды кеңейту

2019 – 2020 жылдары

Қарағанды облысының әкімдігі

талап етілмейді
 

11.

Суармалы жерлер алаңын ұлғайту үшін жаңбырлатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту (29 жоба)

жаңбырлатқыш машиналар

2019 – 2021 жылдары

Ақмола
облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты мен қарыз қаражаты

12.

Суармалы жерлер алаңын ұлғайту үшін жаңбырлатып суарудың суландыру жүйелерін құру және кеңейту (29 жоба)

жаңбырлатқыш машиналар

2019 – 2021 жылдары

Қарағанды облысының әкімдігі

шаруашылық жүргізуші субъектілердің
өз қаражаты мен қарыз қаражаты

2. Астана қаласы нарығына өңірлерден келетін азық-түлік тауарларының тұрақты жеткізілімдерімен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау

13.

"Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушы" мәртебесі бар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді Астана қаласы базарларына өндірілген өнімді өткізу бойынша міндеттемелерді қарыз алу шартында бекіте отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өндіру үшін қаржыландыру

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақұлданған және қаржыландырылған өтінімдері бойынша есеп

жыл сайын

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарының өз қаражаты және қарыз қаражаты

14.

Республика өңірлерінің қатысуымен Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу

жәрмеңкелер

жыл сайын

Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

3. Тамақ өнімдерінің негізгі түрлерін дайындау, сақтау және өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру

15.

Астана қаласында көтерме-тарату орталығын салу үшін кемінде 20 гектар жер учаскесін бөлу

Астана қаласында көтерме-тарату орталығын салуға арналған жер учаскесі
 

2018 – 2019 жылдары

Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді

4. Нарықты сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау

16.

Астана қаласының сауда желісінде өткізілетін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің әкелінетін және өндірілетін негізгі әлеуметтік маңызы бар топтарының қауіпсіздігін мониторингтеуді күшейту

өнімдерді іріктеу қорытындылары және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу

2018 – 2019 жылдары

ДСМ ҚДСК, АШМ

талап етілмейді

17.

Облыстардың және қалалардың Астана қаласының сауда желілеріне өндірілетін тамақ өнімдерін жеткізетін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын бақылауды жүзеге асыру

ерекше тәртіп бойынша тексерулер қорытындылары

2018 – 2019 жылдары

ДСМ ҚДСК
 

талап етілмейді

18.

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдері анықталған кезде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жедел өзара іс-қимылы

құзыреті бойынша уәкілетті органға сәйкес келмейтін өнім анықталғаны туралы ақпарат

жыл сайын
 

АШМ, ДСМ, ИДМ ТРМК, ІІМ,
Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері,
"Атамекен" ҚР ҰКП (келісім бойынша)

талап етілмейді

19.

Сапасыз және қауіпті өнім анықталған жағдайлар туралы БАҚ-та ұдайы жариялап тұру

БАҚ-қа ақпарат
(құзырет жөніндегі уәкілетті орган)

жыл сайын
фактілердің анықталуына қарай

АШМ, ДСМ, Астана қаласының әкімдігі

талап етілмейді
 

5. Мемлекеттік қолдау шаралары

20.

Осы Жоспардың 1-5 және 11-12-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу бойынша субсидиялау

субсидиялау

2019 – 2021 жылдары

Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері

050 "Инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

21.

Осы Жоспардың 1-5- тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау

субсидиялау

2020 – 2021 жылдары

Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері

056 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

22.

Осы Жоспардың 1-5-тармақтары бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға жұмсалатын шығындар құнын субсидиялау

субсидиялау

2020 – 2021 жылдары

Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері

053 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау"
бюджеттік бағдарламасы шеңберінде


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ДСМ ҚДСК - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті;

      ИДМ ТРМК – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті;

      "Қазагро ҰБХ" АҚ – "Қазагро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;

      "Атамекен" ҚР ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.


  Астана қаласының азық-түлік
белдеуін қалыптастыру жөніндегі
2018 – 2021 жылдарға арналған
жол картасына
1-қосымша
 
  Нысан

Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуға өтініш

      Кімге: _____________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік палатасының атауы)

      _____________________________________________________________________

      ________________________________________________негізінде әрекет ететін,
(құрылтай құжаттары)

      кімнен______________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізіліміне қосуды сұрайды.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші

      ______________ ________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)


      Мөр орны

      20__ жылғы "__" ____________

      _________________________________________________ ___________________

      (өтінішті қабылдаған жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы )


  Астана қаласының азық-түлік
белдеуін қалыптастыру жөніндегі
2018 – 2021 жылдарға арналған
жол картасына
2-қосымша
 
  Нысан

Астананың азық-түлік белдеуіне қатысушылардың тізілімі

Р/с

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің орналасқан жері

Қызмет түрі

ЭҚЖЖ
коды

Жеткізілетін тауарлардың атауы

Жеткізілетін тауарлардың көлемі
(мың тонна)

1.







2.







3.