"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 706 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау сот атқару құжаттары болған кезде соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен қамтамасыз етіледі.";

      35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы тиісті жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті атқарушы орган дайындайды.

      Бұл ретте соттардың шешімдері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындауға арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу туралы шешімнің жобасына заңнамада белгіленген тәртіппен сот актілері мен атқару құжаттарының көшірмелері қоса берілуге тиіс.

      36. Қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит беру үшін көзделеді.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.

      37. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің осыған ұқсас мәселелер бойынша бұрын қабылданған шешімдеріне және облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне бұрын берілген кредиттер туралы деректерге сүйене отырып, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамдалған жағдайда, оларды жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлудің мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжамданған жағдайда, оны жабуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен кредит беру үшін ақша бөлген кезде:

      1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит беру үшін ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген соманың болуы;

      2) бөлінетін ақшаның мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген және облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне ағымдағы түсімдермен және белгілі бір есепті кезеңде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстарын қаржыландыруға жіберілуі;

      3) жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бұрын берілген кредиттер бойынша берешегінің болмауы;

      4) бөлінетін кредит сомасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына белгілеген жергілікті атқарушы орган борышының лимитінен асып түсуге әкеп соқтырмауы тиіс;

      5) өтініш жасау сәтінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көлемінің бір пайызынан аспайтын қалдықтың болуы (жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстар ескерілмей) міндетті шарттар болып табылады.";

      38-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға ағымдағы қаржы жылынан асатын мерзімге қарыз алуы бюджетке түсетін түсімдер бойынша тиісті жергілікті бюджетті нақтылау арқылы жүзеге асырылады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің өтінішхаты бойынша оң қорытынды болған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға кредит беру үшін ақша бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлінген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде қолма-қол ақша тапшылығын жабуға облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне кредит берудің нақты мерзімі және кредитті өтеудің жылдар бойынша бөлінген кестесі көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Сағынтаев