Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 308 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысанында:
мына:
"
2. | Екінші кезек | ||||
1) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары | ||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Екінші кезек | ||||
1) | Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
2) | Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
"; |
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімінің нысанында:
мына:
"
2. | Екінші кезек | ||||
1) | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
2) | Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
" |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Екінші кезек | ||||
1) | Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
2) | Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
3) | Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары | ||||
Жиыны: | |||||
Екінші кезек бойынша жиыны: |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |