Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы съезінің шешімдеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің вето қою және келісу рәсімдері арқылы оны еңсеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1038-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасына қосу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 442 қаулысы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |