"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қазандағы № 655 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      76), 77), 79), 81), 82), 83), 85), 87), 89), 90), 92) және 94) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      77) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқық табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "79) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "81) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;

      82) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "85) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;";

      "87) патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу;";

      "89) аттестаттау комиссиясы, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;

      90) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "92) тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      "94) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 76-1), 76-2), 76-3), 79-1), 79-2), 79-3), 81-1), 83-1), 83-2), 89-1) және 94-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76-1) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-2) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      76-3) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "79-1) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-2) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      79-3) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен, тиісті мемлекеттік тізілімдерден, Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінділер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "81-1) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;";

      "83-1) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      83-2) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      "89-1) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;";

      "94-1) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;";

      78), 80), 84), 88) және 91) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 27 қыркүйекке дейін қолданыста болатын Ереженің 16-тармағының 88) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев