"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 644 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 691 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 691 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Astana Hub" халықаралық IT-стартаптар технопаркі" корпоративтік қоры "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев