Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 621 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 227-құжат).
2. "Тұжырымдама, доктрина әзірлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1354 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 946-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 149-құжат).