"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 577 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 332-2-жолмен толықтырылсын:

      "332-2. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев