"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қостанай облысы әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Қостанай облысы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 822-18-жолмен толықтырылсын:
"822-18 "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ".
2) "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 61.3-жол алып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |