"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 334 қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

      Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

      КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен оқуға қабылданады.

      "Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      Жоғары білім саласындағы ұқсас мамандықтар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Жоғары оқу орындарына жоғары білімі бар адамдарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

      ҰБТ шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.

      КТ шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін түсушінің таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.";

      27-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын жоғары оқу орны әзірлейді және жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.";

      41, 42, 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Студенттерді жоғары оқу орындарына қабылдауды қабылдау комиссиялары 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

      Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

      1) еңбек кітапшасын;

      2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.

      Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.

      42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

      Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнына қабылданады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.

      43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

      Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

      Ұлттық жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша ақылы оқуға ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру" мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.

      Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.

      Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.";

      44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Жоғары оқу орнына қабылдау оқыту нысаны, мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.";

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымшада:

      арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесінде:

      "Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар" бөлімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

5В010300**

Педагогика және психология**

5В021100

Теология

  ";

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымшада:

      арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысанында:

      "Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар" бөлімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

5В010300**

Педагогика және психология**

Музыкалық педагогика негіздері

Музыкалық психология негіздері

5В021100

Теология

Кәсіби жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу

Дін негіздері бойынша ауызша емтихан

  ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "** Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер үшін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев