"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 224 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

      2. Технологияларды және үздік тәжірибелерді ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту, сондай-ақ 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму конференциясына қатысушы мемлекеттер қабылдаған "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы Қазақстанның жасыл экономикаға жылдам көшуіне ықпал ету қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекітуді, оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 224 қаулысына
қосымша

Қоғамның жарғылық капиталы төлеміне берілетін республикалық мүлік тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

BIOO TECH стенді

жиынтық

1

2

Pyro Gasification To Power CMD стенді

жиынтық

1

3

Дербес компьютер

жиынтық

70

4

Интернет қолдайтын SIP телефоны

дана

95

5

Теледидар 65''

дана

4

6

Теледидар 49''

дана

3

7

КФҚ SL-C480W

дана

1

8

CLT-K404-S/503 картриджі

дана

1

9

CLT-C404-S/ картриджі

дана

1

10

CLT-M404-S/ картриджі

дана

1

11

CLT-Y404-S/ картриджі

дана

1

12

Бейнепроектор + экран

жиынтық

4

13

Киім ілгіш (450*450*1950)

дана

2

14

Киім ілгіш (450*450*1950)

дана

3

15

Киім ілгіш (450*450*1950)

дана

1

16

Құжаттарға арналған темір шкаф

дана

10

17

232 сейфі

дана

1

18

1-114 сейфі

дана

1

19

1080 сейфі

дана

3

20

Су диспенсері

дана

5

21

Лазерлік факсимильді аппарат

дана

3

1

2

3

4

22

1-5519 модульдік үстелі

дана

28

23

Тумба

дана

28

24

1-2691 орындығы

дана

35


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 сәуірдегі
№ 224 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-186-тармақпен толықтырылсын:

      "21-186. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірі 20-13-жолмен толықтырылсын:

      "20-13. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "10. "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".