РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 399-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі бекітілсін;
2) ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысаны бекітілсін.
2. "Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1303 қаулысы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1084-құжат) күші жойылды деп танылсын
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 197 қаулысымен бекітілген Нысан |
Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау
20__ жылғы "__"_______ №____ |
__________________________________________________________________________
(ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган)
Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан
босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері
жабдықтарының тізбесіне сәйкес
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі
__________________________________________________________________________
(бар болса, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________мақсатында
(ғарыш қызметінің бағыты)
___________________________________________________________________
(шарттың (келісімшарттың) атауы, нөмірі және күні)
жобасының шеңберінде осы растауға қосымшада көрсетілген ғарыш объектілері мен
жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелетінін растайды.
Осы растау 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
399-бабына сәйкес _________________________________________________________
(салық немесе кеден органының атауы)
ұсыну үшін дайындалды.
Қосымша ___ парақта.
Уәкілетті органның бірінші басшысы _________________________ _________
(аты, әкесінің аты, тегі) (қолы)
Күні ____________________________
М.О.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 197 қаулысымен бекітілген |
Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі
1. Ғарыш объектілерін шығару құралдары және олардың құрамдас бөліктері:
1) тасымалдағыш зымырандар;
2) тасымалдағыш зымырандардың сатылары, ауыспалы жүйелері, басты қалқандары;
3) зымырандар мен пилотсыз ұшатын аппараттардың саты аралық бөліктері және сатыларды біріктіру және айыру механизмдері;
4) екпіндеткіш блоктар;
5) көліктік модульдер.
2. Ғарыш аппараттары:
1) байланыс, хабар тарату және қайта тарату аппараттары;
2) Жерді қашықтықтан зондтау, соның ішінде экологиялық мониторинг және метеорологияға арналған аппараттар;
3) координаталық-уақыттық қамтамасыз ету және навигация аппараттары;
4) ғылыми зерттеулерге арналған аппараттар;
5) ғарыш жағдайларында сынаулар өткізуге және ғарышта материалдарды және өзге де өнімдерді жасауға арналған аппараттар;
6) басқарылатын аппараттар;
7) орбиталық станциялар.
3. Ақпараттық-өлшеу техникасының құралдары:
1) ақпараттық-өлшеу техникасының кешендері;
2) ақпараттық-өлшеу техникасының құрылғылары;
3) бақылау-сынау аппаратурасы, бақылау-өлшеу аппаратурасы, бақылау және баптау құрылғылары;
4) қосалқы бөлшектердің, құралдардың, керек-жарақтардың жиынтықтары;
5) пайдалану және оқу-жаттығу құралдары.
4. Борттық жүйелер және басқару, бақылау және траекториялық өлшеу аппаратуралары:
1) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйесінің борттық аппаратурасы;
2) тасымалдағыш зымырандарды дербес басқару жүйесінің борттық аппаратурасының функционалдық блоктары және элементтері (тұрақтандыру автоматтары, көрінген жылдамдықты реттеуіштер, қозғалтқыш қондырғыларының автоматикасы, қашықтықты басқару автоматтары, телеметрикалық бақылау жүйесін келісу құрылғылары, борттық кәбілді желілер, қоректендіру және коммутация жүйелері);
3) тасымалдағыш зымыранды дербес басқару жүйелерінің борттық аппаратурасының құраушы блоктары мен элементтері;
4) ғарыш аппараттарын басқару жүйелері (бағыттау және тұрақтандыру жүйелері, навигациялау жүйелері, баллистикалық түсіруді басқару жүйелері, жеңіл қону жүйелері, орбитада түзеу жүйелері, объектіні басқару жүйелері, түйісуді басқару жүйелері, электр қоректендіру жүйелері, бірыңғай уақыт және синхрондау жүйелері, пеленгациялау жүйелері, объектіні апатты қопару жүйелері, электр қоректену көздері, коммутациялық құрылғылар, өзге де жүйелер және басқару жүйесінің аппаратурасы);
5) құрылымдық блоктар және ғарыш аппараттарын басқару жүйесінің элементтері;
6) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйелерінің борттық аппаратурасы;
7) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйесінің блоктары мен элементтері;
8) ғарыш техникасына арналған борттық цифрлы есептеу құрылғылары мен машиналары (компьютерлер);
9) борттық компьютерлердің құрылымдық блоктары және элементтері;
10) борттық компьютерлердің арнайы бағдарламалық қамтылымы;
11) ғарыш аппараттарының арнайы борттық жүйелерінің аппаратурасы (геодезиялық және радиогеодезиялық өлшеулер, фотографиялық, визуалды, инфрақызыл, фототелевизиялық, оптикалық-электрондық және радиолокациялық бақылаулар, жердегі радиация мен магнетизмді, күннің және алғашқы ғарыш сәулелері, жұлдыздар мен атмосфераның астрономиялық сәулеленуін ғылыми зерттеу үшін, актинометриялық);
12) ғарыш аппараттарының құрылымдық блоктары және арнайы борттық жүйелерінің элементтері;
13) гироскопиялық аспаптар;
14) құраушы блоктар және гироскопиялық приборлардың элементтері;
15) ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің қосалқы бөлшектері, құралдары, керек-жарақтары, қосу кәбілдері;
16) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері.
5. Ғарыш айлақтары мен ғарыш объектілерін басқару жерүсті кешендерінің құрамдас бөліктері мен жабдығы:
1) старттық және техникалық кешендердің, сынау кешенінің, арнайы құрылыстардың жабдықтары;
2) көліктік, түйісу және көліктік-орнату жабдығы;
3) отын компоненттерімен толтыру және сығылған газбен қамтамасыз ету құралдары, құю-бейтараптандыру станциялары, криогенді жабдықтар;
4) технологиялық, сынау, қосалқы жабдық;
5) арнайы технологиялық, сынау және техникалық жабдықтарды басқару құралдары;
6) тасымалдағыш зымырандарға және ғарыш аппараттарына қызмет көрсету, сақтау және пайдалану құралдары;
7) технологиялық, сынау және техникалық жабдықтарды бақылаудың және регламенттік тексерудің арнайы құралдары;
8) агрегаттар, тораптар, бөлшектер, көтеру құралдары;
9) оқыту-жаттығу орталықтарының жабдықтары;
10) ғарыш ақпаратын қабылдау және өңдеу станциялары;
11) ғарыш техникасын жерүсті эксперименттік әзірлеуге және сынауға арналған объектілер, жабдықтар және құралдар;
12) ғарыш аппаратының пайдалы жүктемесін бақылау және мониторингтеу жабдығы;
13) тасымалдағыш зымыранның құрамдас бөліктерін тасымалдау құралдары;
14) құлау аудандарын пайдалану кешендерінің жерүсті технологиялық жабдығы, тасымалдағыш зымыранның бөлінген бөлшектерін іздеуге арналған авиациялық құралдар;
15) ғарыш объектілерін бақылауға және ғарыш бағдарламаларын жерден сүйемелдеуге арналған оптикалық телескоптар.
6. Жерүсті автоматтандырылған басқару кешені:
1) командалық-өлшеу жүйелерінің станциялары, соның ішінде жерүсті стационарлық, жерүсті жылжымалы, жүзу және ұшу құралдары;
2) ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталықтарының есептеу техникасы үшін аппаратуралар, арнайы бағдарламалық құралдар, ақпараттық және бағдарламалық өнімдер;
3) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің жиынтықтаушы бұйымдары және қосалқы бөлшектері;
4) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің құралдарын бақылау-сынау және бақылау-тексеру аппаратурасы;
5) жерүсті тексеру-қосу электр жабдығы;
6) старттық позициялар үшін әзірлеу және қосу аппаратурасы;
7) қоймалар мен техникалық позицияларда тасымалдағыш зымырандар мен ғарыш аппараттарын сынау және әзірлеу аппаратурасы;
8) жерүсті жабдығы мен борттық аппаратураны регламенттік тексерулер аппаратурасы;
9) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасының жиынтықтаушы бұйымдары, қосу кәбілдері және қосалқы бөлшектері;
10) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың дербес жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасы үшін бақылау-сынау аспаптары;
11) жерүсті астрономиялық-геодезиялық пункттерінің аппаратурасы;
12) бақылау-навигациялау пункттерінің аппаратурасы;
13) навигациялық ақпаратты тұтынушылардың аппаратурасы;
14) арнайы ақпаратты қабылдайтын жерүсті пункттерінің құралдары.
7. Зымыран-ғарыш кешендері үшін құрауыш бөліктер мен жабдықтар:
1) тасымалдағыш зымырандардың, екпіндеткіш блоктардың, ғарыш аппараттарының қозғалтқыштары, энергия қондырғылары, қосалқы жүйелері, агрегаттары және құрылғылары;
2) қозғалтқыш-энергетикалық қондырғылар;
3) гидравликалық, пневматикалық, электрлік арнайы құрылғылар мен агрегаттар;
4) қосалқы жүйелер мен агрегаттар.
8. Ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілерінің жұмыс істеуін және ғарыш бағдарламаларын орындау процесінде қатысушылардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы өнім:
1) ғарыш техникасы үшін электр машиналар;
2) ғарыш техникасы үшін электр техникалық жабдықтар мен материалдар;
3) арнайы мақсаттағы автоматтандыру приборлары мен құралдары;
4) ғарыш техникасы үшін оптикалық аспаптары мен аппаратура;
5) арнайы мақсаттағы санитарлық-техникалық жабдық;
6) ғарыш техникасы үшін электр радио бұйымдары;
7) арнайы мақсаттағы радио байланыс, радиохабар тарату және телевизия құралдары;
8) соңғы және аралық арнайы мақсаттағы сымды байланыс құралдары және радиобайланыс аппаратурасы;
9) радиолокация құралдары;
10) радионавигациялық құралдар;
11) ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілері үшін оптикалық аспаптар, аппаратура және электр магниттік сәулелендіргішті қабылдағыштар.
Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанына қосымша |
Р/с№ | Ғарыш объектісінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы жабдығының атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесіндегі тармақтың, тармақшаның нөмірі | Ескертпе |
Уәкілетті органның бірінші басшысы _________________________ ________
(аты, әкесінің аты, тегі) (қолы)
Күні ___________________
М.О.