"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 193 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (қызмет бабында пайдалану үшін) бекітілсін.

      2. Мыналардыд күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 — 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысы;

      2) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1277 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 631 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев