"Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 179 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 559 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысымен
бекітілген

Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.04.2019 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.09.2022 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Халықаралық ұйымдар

      1. Азия Даму Банкі (АДБ/АDВ)

      2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО)

      3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы

      4. Дүниежүзілік пошта одағы

      5. Дүниежүзілік туристік ұйым

      6. Дүниежүзілік тағы табиғат қоры (WWF)

      7. Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ/GЕF)

      8. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ/UNІСЕF)

      9. Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ/ЕВRD)

      10. Еуропалық Комиссия (ЕК/ЕС)

      11. Еуропа Одағы (ЕО/ЕU)

      12. Ислам даму банкі (ИДБ/IDВ)

      13. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА/ІАЕА)

      14. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚДБ/ІВRD)

      15. Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көптарапты агенттік (ИККА/МIGА)

      16. Халықаралық даму қауымдастығы (ХДҚ/IDА)

      17. Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық қауымдастық (INТАS)

      18. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ/ІLО)

      19. Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ)

      20. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO)

      21. Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым

      22. Халықаралық полиция (ИНТЕРПОЛ)

      23. Халықаралық көрмелер бюросы

      24. Халықаралық электр байланысы одағы

      25. Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК/ІFС)

      26. Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамдастығының халықаралық федерациясы (ІFRС)

      27. Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (ІFАD)

      28. Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ)

      29. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО/UNESСО)

      30. Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығы (БҰҰ/UN)

      31. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/FАО)

      32. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/OSСЕ)

      33. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ/ОЕСD)

      34. Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы

      35. Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО/UNIDO)

      36. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕБ/UNV)

      37. Біріккен Ұлттар Ұйымының ЖИТС жөніндегі бағдарламасы (БҰҰ/ЖИТС/UNAIDS)

      38. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ/UNDP)

      39. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNEP)

      40. Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарлама (ОАЭАБ/SРЕСА)

      41. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы (БҰҰ ЖКББ/UNHCR)

      42. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасы (БҰҰ ЕҚБ/UNODC)

      43. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қызметке арналған қоры (ЮНФПА/UNFPA)

      44. Азия және Тынық мұхиты өңірі елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТӨЕАЭК/ЕSСАР)

      45. Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО)

      46. Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)

      47. ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қоры

      48. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (AIIB)

      49. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КХҰ)

      50. Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFA)

      51. Футбол қауымдастықтарының Еуропалық одағы (UEFA)

      52. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE)

      53. БҰҰ Оқу және ғылыми-зерттеу институты (ЮНИТАР)

      54. Орталық Азия университеті

      Мемлекеттік ұйымдар

      55. Америка халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД/USAID)

      56. "Вrіtіsh Соunсіl" Британ кеңесі (БК/ВС)

      57. Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ)

      58. Дания халықаралық даму агенттігі (DANIDA)

      59. Ұлыбритания халықаралық даму департаменті (DFID)

      60. АҚШ Мемлекеттік департаменті

      61. "АЕСІ" Испания халықаралық ынтымақтастық агенттігі

      62. Канада қоры (Саnаdа Fund)

      63. Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (КОІСА)

      64. Қалпына келтіру жөніндегі кредиттік ведомство (КfW)

      65. Кувейт араб экономикалық даму қоры (КАЭДҚ/КFАЕD)

      66. Малайзия техникалық ынтымақтастық бағдарламасы (МТСР)

      67. Нидерландтың Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы - РSO Бағдарламасы

      68. Үндістан Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы (ІТЕС)

      69. Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ТІСА)

      70. Израиль Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығы (МАШАВ Бағдарламасы)

      71. Швеция даму агенттігі (SIDА)

      72. Швейцария инвестицияларға жәрдемдесу ұйымы (SOFІ)

      73. Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA)

      74. Жапония халықаралық ынтымақтастық банкі (JBIС)

      75. Абу Даби муниципалитеті

      76. Корея Республикасының Орман шаруашылығы қызметі

      Шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар

      77. Азияның дүлей апаттарды азайту орталығы (ADRS)

      78. Германия академиялық алмасулар қызметі (DAAD)

      79. Карл Дуйсберг атындағы Германия қоғамы

      80. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО)

      81. Канада жергілікті бастамалар бағдарламасы (Lосаl Іnіtіаtіvе Рrоgrаm)

      82. "Аралды құтқарудың халықаралық қоры" қоғамдық қоры (ІFАS)

      83. Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитет (ТЮРКСОЙ)

      84. Саскачеван сауда және экспорт серіктестігі (SТЕР, Канада)

      85. Александр Гумбольдт атындағы қор

      86. Конрад Аденауэр атындағы қор

      87. Фридрих Науманн атындағы қор

      88. Ганс Зайдель атындағы қор

      89. Генрих Белль атындағы қор

      90. Абу Даби даму қоры

      91. Заид бен Сұлтан Әл Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы

      92. Шейх Халиф Бен Заид Әл Нахаян қоры

      93. "International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan" (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн – Казахстан)" корпоративтік қоры

      94. Дамуды азаматтық зерттеулерді қолдау қоры (СDRF)

      95 "Сорос – Қазақстан" қоры

      96. Фридрих Эберт қоры (Германия) (ФЭҚ/FЕS)

      97 "Unіtеd Wау Іntеrnаtіоnаl" корпоративтік қоры

      98. "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі" қоғамдық қоры

      99. Жасыл климат қоры (ЖКҚ/GCF)

      100. Қазақстандағы "ГҰте-Институт" филиалы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 38-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 293-құжат)

      4. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1214 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 645-құжат).