"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 151 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАқ) құрылсын.

      2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      5. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының балансындағы республикалық мүлік және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

      3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру үшін осы қаулының 1, 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін берсін.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

      2) құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

      3) КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      9. Осы қаулының 8-тармағында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін КеАҚ оған қоғамды қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      10. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      11. Осы қаулы оның 9-тармағында көзделген іс-шара орындалғаннан кейін қолданысқа енгізілетін 10-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 31 наурыздағы
№ 151 қаулысына
қосымша

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық меншіктің тізбесі


Р/с№
 

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Қалдық құны бойынша бірлік бағасы (теңге)

Барлық қалдық құны (теңге)

1

2

3

4

5

6

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны балансындағы мүлік

1

ХА-30+ВР-820 цифрлық бейнекамерасы

дана

1

622 066,65

622 066,65

2

Ноутбук

дана

1

327 249,98

327 249,98

3

Фотокамера жиынтығы, қабымен

дана

1

341 250,00

341 250,00

4

Sony DCR-SX44E бейнекамерасы

дана

1

6 015,17

6 015,17

5

Сауран көшесі, 7а, жалпы ауданы 515,6 ш-м. жапсарлас ғимарат

дана

1

48 677 328,96

48 677 328,96

6

Басшыға арналған кресло

дана

1

41 250,00

41 250,00

7

Былғары кресло (Elf steel chrome)

дана

1

2 267,38

2 267,38

8

Мини АТС КХ-ТЕМ 824 CA

дана

1

38 014,41

38 014,41

9

Canon i-Sensys MF 4410 КФҚ

дана

3

7 181,76

21 545,28

10

Samsung VCD-9420 шаңсорғышы

дана

1

14 143,74

14 143,74

11

Panasonic KX-T 7735 RU жүйелік т/а

дана

1

8 321,47

8 321,47

12

"Орех" 10 үстелі

дана

1

1 095,64

1 095,64

13

"Орех" 11 үстелі

дана

1

2 411,42

2 411,42

14

ЖК Panasonic ТХ-РR2С2 теледидары

дана

1

24 375,66

24 375,66

15

Кітапханаға арналған сауда жабдығы

дана

1

1 078,82

1 078,82

16

Демалыс жиһазы (Илья 3+1+1)

дана

1

38 632,74

38 632,74

17

Сауран көшесі, 7а бойынша күзет -өртке қарсы дабылдарын орнату және жаңғырту

дана

1

274 241,73

274 241,73

18

Sony DSC фотоаппараты

дана

1

7 365,00

7 365,00

19

141 тоңазытқышы

дана

1

1 182,60

1 182,60

20

24 ШБК жәшіктік картотека шкафы

дана

1

29 873,33

29 873,33

21

Дербес әмбебап компьютер

дана

3

289 100,02

867 300,06

22

AST-H61-MV DELL E2417H компьютері

дана

1

239 750,02

239 750,02
 

1

2

3

4

5

6

23

AST-H61-MV HP Pro Display P232 компьютері

дана

2

239 750,02

479 500,04

24

Көп функционалды құрылғы

дана

1

113 750,02

113 750,02

25

Көп функционалды құрылғы

дана

1

88 200,00

88 200,00

26

Компьютер жиынтығы

дана

5

148 698,72

743 493,60

27

Монитор 21.5 /пернетақта және тінтуір/

дана

2

10 833,60

21 667,20

28

Монитор 23.8 /пернетақта және тінтуір/

дана

1

16 083,80

16 083,80

29

ASYS X554LA ноутбугі

дана

1

29 962,60

29 962,60

30

Canon LBP7018C лазерлі принтері

дана

1

12 201,21

12 201,21

31

Процессор /жүйелік плата

дана

3

29 392,40

88 177,20

32

Ноутбук

дана

1

249 900,00

249 900,00


Барлығы




53 429 695,73

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің балансындағы мүлік

1

IBM WebSphere Portal Express

дана

1

5 531 753,54

5 531 753,54

2

IBM Workplace Collaboration

дана

1

7 428 338,40

7 428 338,40

3

Монитор Apple Cinema Display 23

дана

1

57 628,02

57 628,02

4

Телекоммуникациялық есептеу жабдығы/серверлік жабдық

дана

1

26 079 699,93

26 079 699,93

5

IBM 9910-P333kVA.1Yr үздіксіз қоректендіру көзі

дана

2

592 081,47

1 184 163

6

IBM Ultrium4 800G/1600GB Cartridge картриджі

дана

40

18 627,21

745 088,40

7

IBM Cleaning тазалауға арналған картриджі

дана

2

18 627,41

37 254,82

8

HMC: 7042-CR4 Rack-mounted. Hardw.Mgmt.Cons басқару консолі

дана

1

1 397 046,00

1 397 046,00

9

IBM TS3200 Ultrium 4 Fiber Channel Tape ленталық кітапханасы

дана

1

4 669 626,33

4 669 626,33

10

ІВМ Т42 Rack Cabinet, 1 Yr монтаждау шкафы

дана

1

338 365,00

338 365,00

11

ІВМ TotalStorage деректерді сақтау желісінің оптикалық коммутаторы

дана

2

851 532,87

1 703 065,74

12

PowerEdge R710 сервері

дана

1

647 367,00

647 367,00

13

Серверлік жабдық

дана

1

21 784 220,07

21 784 220,07

14

ATIZ Book Drive сканері

дана

1

2 794 092,00

2 794 092,00


Жиынтығы




74 397 708,19


БАРЛЫҒЫ




127 827 404,0


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 31 наурыздағы
№ 151 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-185-жолмен толықтырылсын:

      "21-185. "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-38-2-жолмен толықтырылсын:

      "224-38-2. "Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ.".

      3. "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қаулысында:

      2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында қызмет көрсету

Қазақстан Республикасын
дағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республика сының Мәдениет және спорт министрлігі

"Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" КеАҚ

021 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту"

403 905

      ".