Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 13 нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Мыналардың:

      1) "Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері жөнінде" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысының;

      2) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқықтың құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыстың хатшысы
Г. Әлмағамбетова