"Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 54 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 тамыздағы № 477 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 270-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу мен жүйелеуді уәкілетті органдар қазақ және орыс тілдерінде тұрақты негізде жүргізеді.

      Есепке алу қағаз түрінде жүргізіледі және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен сақтауды, уәкілетті органның қызмет бағыттарына сәйкес хронологиялық тәртіппен орналастыруды болжайды.

      Жүйелеу нормативтік құқықтық актілердің мәтініне өзгерістер және (немесе) толықтырулар, күшін жою, қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру туралы мәліметтерді енгізу жолымен оларды бақылау жағдайында ұстау арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу қағаз түрінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Қызмет бабында пайдалану үшін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев