"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы № 17 қаулысы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 тамызда № 150 (1130) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 17 қаңтардағы
№ 33 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 18 шілдедегі
№ 265 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарды (бұдан әрі – кәсіби ұйымдар) аккредиттеу жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың құқықтылығын ресми мойындау мақсатында аккредиттеуден өтеді.

2-тарау. Аккредиттеу жүргізу тәртібі

      3. Кәсіби ұйымдар аккредиттеуден өту үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық нысандағы сұрау салуды;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер нысанын ұсынады.

      4. Кәсіби ұйымдардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау мерзімі:

      куәлікті беру туралы – 5 (бес) жұмыс күнін;

      куәлікті қайта ресімдеу туралы – 3 (үш) жұмыс күнін;

      куәліктің телнұсқасын беру туралы – 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      5. Кәсiби ұйымдар мынадай талаптарға жауап береді:

      1) кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана болып табылады;

      2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері болады;

      3) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келетін Әдеп кодексін әзірлейді және қабылдайды.

      Кәсіби ұйымдардың басқару органы саны кемінде үш аудитор болатын соңғы бес жылдың үш жылы ішінде аудит саласында жұмыс тәжірибесі бар кәсіби аудиторлар ұйымының мүшелері болып табылатын аудиторлар қатарынан қалыптасады.

      Кәсіби ұйымдардың мынадай:

      1) сапасын бақылау бойынша;

      2) аудит және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша;

      3) аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша;

      4) әдеп мәселелері бойынша;

      5) дауларды қарау бойынша жұмыс органдары бар.

      Басқа органдар құру кәсіби ұйымдардың жарғыларымен айқындалады.

      Уәкілетті орган сұрау салулар жібереді және ақпараттық жүйелерде қамтылған қажетті материалдарды пайдаланады.

      6. Кәсіби ұйымның аккредиттелуі туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет етеді және әрекет ету мерзімі шектеусіз беріледі.

      7. Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген нысан бойынша кәсіби ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық нысанындағы өтініш Порталда толтырылады.

      8. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту үшін:

      1) кәсіби ұйымның аккредиттеу куәлігін алу үшін ұсынған деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;

      2) кәсіби ұйымның және (немесе) ұсынылған аккредиттеу куәлігін беру үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) аудиторлық қызмет саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) кәсіби ұйымға қатысты қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіздер болып табылады.

      9. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімін жүргізеді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

      Аккредиттелген кәсіби ұйымдар тізілімі өзгерген жағдайда уәкілетті орган өз интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты өзгеріс туралы ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңартады.

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Өтiнiм

      __________________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, БСН)

      ________________________________________ қызметтi жүзеге асыру үшiн

      ___________________ аккредиттеудi (куәлікті қайта рәсімдеуді, куәліктің телнұсқа беруді) сұраймын.

      Заңды мекенжайы: _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.


      20__ ж. "__"____________________

      Кәсiби аудиторлық ұйымның басшысы ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

  Кәсіби аудиторлық ұйымдарды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мәліметтер нысаны

      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі

      Мүшелер _____________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, БСН көрсетіледі)

№ 1 кесте

Р/с

Аудитордың ЖСН

Ауди тордың тегі

Ауди тордың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған кезде)

Почта индексі

Ел/облыс/аудан/ елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










№ 1 кестенің жалғасы

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефоны

"Аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі

"Аудитор" біліктілік куәлігінің берілген күні

Кәсіби ұйымға өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы)

10

11

12

13

14

15

16

17









№ 2 кесте

Р/с №

Аудиторлық ұйымның БСН

Ауди торлық ұйым ның атауы

Почта индексі

Ел/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











№ 2 кестенің жалғасы

Соңғы тіркеу/ қайта тіркеу күні

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия нөмірі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның беріл
ген күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Аудиторлық ұйым басшысының ЖСН

Аудиторлық ұйым басшысының тегі

Аудиторлық ұйым басшысының аты

Аудиторлық ұйым басшысының әкесінің аты (болған кезде)

Аудиторлық ұйым басшысының "Аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20











Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы

РР/с №

Кәсіби аудиторлық ұйым органының атауы

Орган басшысының ЖСН

Орган басшының тегі

Орган
басшының аты

Орган
басшының әкесінің аты

Лауазым атауы

Байланыс телефоны

Орган басшысының лауазымы

Аудитордың ЖСН

Аудитордың тегі

Аудитордың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған кезде)

Аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


сапаны бақылау бойынша














халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша














аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша














этика мәселелері бойынша














дауларды қарастыру бойынша














*













      Ескертпе:

      * басқа органдардың құрылуы кәсіби ұйымдардың жарғыларында анықталады.

      Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы ________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (күні)