"Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 663 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      4-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) парашюттік-десанттық құтқару тобы (бұдан әрі – ПДҚТ) – мемлекеттік авиацияның авиациялық құтқарушыларынан және/немесе ІҚО (Ж) жүргізуге арналған жарақтармен жасақталған, парашютпен секіруге дайындалған және іздестіру-құтқару ӘК бортындағы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының құтқарушыларынан тұратын топ;";

      мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) кезекші іздестіру-құтқару ӘК – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіптік даярлығы және авиациялық іздестіру мен құтқаруды орындауға рұқсат берілген экипажы бар дайындалған іздестіру-құтқару ӘК.";

      12-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үйлестіру кеңесінің құрамы мен жұмыс тәртібі азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның, құрамына авиациялық бөлімшелер кіретін басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен шешімімен айқындалады.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Үйлестіру орталығы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетушінің (бұдан әрі – АНҚ көрсетуші) базасында құрылады және тәулік бойы жұмыс істейді.";

      17-тармақтың 6) тармақшасындағы "жоспарлары бар." деген сөздер "жоспарлары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) радиоарналарда және тыңдалатын жиіліктерде кезекшілікті жүзеге асыратын қызметтердің орналасқан орны мен жұмыс сағаттарына қатысты мәліметтерді қоса алғанда, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;

      8) шекаралас мемлекеттердің үйлестіру орталықтарының телефон және телеграфтық мекенжайлары;

      9) ӘК-ден түсірілетін авариялық-құтқару жарақтарының қоры сақталатын орындар туралы мәліметтер;

      10) бұрын авиациялық оқиғалар орын алған жерлердің координаттары бойынша мәліметтер бар.";

      18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Үйлестіру орталығы:

      1) ӘҚҚ органдарымен, мемлекеттік авиацияның ҚҮО-мен, іздестіру және құтқару аудандарында радиопеленгаторлық және радиолокациялық станциялары бар ұйымдармен (мұндайлар болған жағдайда);

      2) іздестіру және құтқару аудандарындағы ІҚО (Ж) жедел штабтарымен;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен;

      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен немесе Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметпен (бұдан әрі – БКДҚ-112) және іздестіру-құтқару командаларымен;

      5) КОСПАС-САРСАТ халықаралық спутниктік іздестіру және құтқару жүйесінің ақпарат қабылдау орталығымен;

      6) мемлекеттік авиацияның басқару пункттерімен;

      7) әуеайлақтық метеорологиялық органдармен;

      8) Үйлестіру кеңесінің тұрақты құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерімен;

      9) су үсті кемелерімен байланыс жүргізетін теңіз портын басқару пункттерімен жедел және тұрақты екі жақты байланыс құралдарымен жарақталады.

      Байланыс құралдары таратылатын хабарламаларды кейін талдау үшін дыбыс жазу аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.

      19. Үйлестіру орталығы, мемлекеттік авиацияның ҚҮО өз қызметінде авиация саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның стандарттары мен ұсынымдарын, халықаралық авиациялық және теңіздегі іздестіру және құтқару жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – ХАТІҚН), азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдармен келісілген ережелерді басшылыққа алады.

      Үйлестіру орталығының мамандары өз жұмысында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады. Үйлестіру орталығы мамандарының лауазымдарына АНҚ көрсетуші белгілеген біліктілік талаптары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

      20. Үйлестіру орталығы басшылығының шешімімен әрбір ІҚО (Ж)-ға:

      1) Үйлестіру орталығының немесе оған бағынысты органның не мемлекеттік авиацияның ҚҮО-ның құрамына кіретін персонал арасынан ІҚО (Ж) үйлестірушісі;

      2) тиісті құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша жедел штаб құрамына енгізілетін бірнеше іздестіру-құтқару ӘК пайдалануды үйлестіруді жүзеге асыратын ӘК үйлестірушісі (АНҚ көрсетушінің мамандары арасынан немесе іздестіру және құтқару ауданындағы мемлекеттік авиация өкілінен) тағайындалады.

      Жедел штаб құрамына енгізілген АНҚ көрсетушінің маманы өз функцияларын әуе қозғалысына қызмет көрсету маманының жұмыс орнынан (немесе байланыс құралдарымен жабдықталған орындардан) орындайды.

      Жедел штаб құрамына енгізілген мемлекеттік авиация өкілі өз функцияларын жедел штаб басшысымен келісілген жерде орындайды.";

      22, 23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. ӘК үйлестірушісінің міндеттері:

      1) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

      ӘҚҚ органдарымен өзара іс-қимыл жасап, ӘК қауіпсіз эшелонда ұстау;

      ІҚО (Ж) үйлестірушісін ІҚО (Ж) жүргізу орнындағы метеожағдай туралы хабардар ету;

      ӘК-нің аймаққа кіру және одан шығу нүктесін, сондай-ақ ұшудың абсолюттік биіктіктерін белгілеу;

      іздестіру-құтқару ӘК-ге жіберілетін және олардан келетін радиохабарламаларды фильтрлеу;

      ІҚО (Ж) кезінде бөлінген радиожиіліктерді қолдануды үйлестіру;

      ӘҚҚ-ның шектес органдарымен іс-қимылдарды үйлестіру;

      2) міндеттердің бірінші кезектілігін айқындау және оларды бөлу:

      іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының ІҚО (Ж)-ны орындаудың жалпы жоспары туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;

      іздестіру және құтқару ауданын қамтуды бақылау және тиісті деректер ұсыну;

      іздестіру-құтқару ӘК-нің экипаждарына ІҚО (Ж) жүргізілетін жерде үйлестіруші қойған міндеттерді орындау жөнінде нұсқау беру;

      3) іздестіру ауданын қамтуды үйлестіру:

      ІҚО (Ж) шарттарының өзгеруіне ден қою және іздестірудің тиімділігін бақылау;

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушіге іздестіру-құтқару ӘК-нің үнемі даярлығын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар беру;

      4) Үйлестіру орталығына жиынтық ақпарат беру;

      5) ІҚО (Ж) басшысымен тұрақты өзара іс-қимыл жасау, оған іздестіру-құтқару ӘК пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

      23. ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші операция жүргізілетін жерде ІҚО (Ж) жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестіруші Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тағайындалған жедел штабының бастығы болып табылады.

      ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі үйлестірушінің міндеттері:

      1) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі бөлінген күштер мен құралдарды басқару;

      2) Үйлестіру орталығымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен ІҚО (Ж) жүргізудің бастапқы жоспарын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау, кейіннен оны әзірлеу және нақтылау;

      3) ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі байланыс орнату әдістерін айқындау;

      4) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының іс-қимылын бақылау;

      5) ІҚО (Ж) жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      6) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына күн сайын ІҚО (Ж) жүргізу нәтижелері туралы есеп беру;

      7) ІҚО (Ж) жүргізудің барлық жағдайларын тіркеу (іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының ІҚО (Ж) жүргізілетін жердегі келу және осы ауданнан кету уақыты, тексерілген аудандар, іздестіру кезінде қолданылған жол желілері арасындағы аралық, табылған заттар мен белгілер, қолданылған іс-қимылдар, алынған нәтижелер);

      8) ІҚО (Ж) үйлестірушісіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына тартылған күштер мен құралдардың басшыларына қайта қажет болмайтын күштер мен құралдарды босату жөнінде ұсынымдар беру;

      9) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына тірі қалған адамдар саны мен олардың тегі туралы ақпарат беру;

      10) Үйлестіру орталығына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына талап етілетін қосымша көмекке сұрау салу болып табылады.

      24. Іздестіру мен құтқарудың әрбір ауданында кезекші іздестіру-құтқару ӘК тағайындалады. Кезекші іздестіру-құтқару ӘК жауапкершілік аудандарын бөлу азаматтық, мемлекеттік және эксперименттік авиациядағы іздестіру-құтқару ӘК-нің қолда бар құрамына сүйене отырып, сондай-ақ іздестіру-құтқару ӘК-нің іс-қимылдары радиусымен әуе трассаларының, авиациялық жұмыстар жүзеге асырылатын аудандардың бағыттарын қамту шартымен Үйлестіру орталығының шешімімен жүзеге асырылады.

      Кезекші іздестіру-құтқару ӘК-ні орналастыру олардың осы Қағидалардың 41-1-тармағында белгіленген мерзімдерде ұшуға әзірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әуеайлақтарда не қону алаңдарында жүзеге асырылады.

      25. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің шешімін азаматтық авиация қарамағына жатқызылған іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігін ұйымдастыру үшін АНҚ көрсетушіге жібереді.

      АНҚ көрсетуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ӘК пайдаланушылармен Үйлестіру орталығының шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарындағы іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігіне арналған шарт жасайды.

      Іздестіру-құтқару ӘК-нің кезекшілігі мыналарды:

      1) іздестіру-құтқару ӘК кезекші экипажының кезекшілік кезеңінде белгіленген мерзімде қызметтік міндеттерін (кәсіби қызметін) орындауға үнемі әзір болуы;

      2) іздестіру-құтқару ӘК-нің белгіленген мерзімдерде ұшуға үнемі әзір болуын;

      3) кезекші экипажды іздестіру және құтқару ауданына ұшу үшін іздестіру-құтқару ӘК-нің орналасқан жеріне жеткізуді қамтамасыз етуді қамтиды.

      Үйлестіру орталығының шешімі бойынша жағдайды нақтылау үшін ІҚО (Ж) орындау кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК-нің ұшуы, ІҚО (Ж) дайындау және орындау деңгейін ұстап тұру мақсатында жаттығу ұшуы және шартта көзделген ұшу сағаттары саны көлемінде ұшуды іздеу-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша оқытуды жүргізу іздестіру-құтқару ӘК кезекшілігінің құнына қосымша кіреді.

      Аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымдарымен іздестіру-құтқару ӘК-нің іздестіру және құтқару аудандарында кезекшілікке арналған шарт жасасқан іздестіру-құтқару АНҚ көрсетуші экипаждың және ӘК-нің белгіленген мерзімде ұшып шығуға үнемі әзір болуын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт талаптарының орындамағаны үшін жауапты болады.";

      26-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы Қағидалардың 41-1-тармағында айқындалатын әзірлік дәрежесі;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттік авиация және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар Үйлестіру кеңесінің шешіміне сәйкес азаматтық авиацияның қарамағына жатқызылған іздестіру және құтқару аудандарына парашюттік қызметтің кезекші нұсқаушылары, құтқарушылар, медициналық және инженерлік-техникалық жұмыскерлер құрамынан құралатын ПДҚТ-ға мамандарын бөледі. ПДҚТ-ға тарту тәртібі ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында айқындалады.";

      34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Персоналға және әуежайларды (әуеайлақтарды) қажетті жабдықпен жарақтандыруға қойылатын талаптар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларымен айқындалады.";

      38-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ұшуды іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етудің қолданыстағы жоспарлары туралы ақпаратқа қол жеткізуді арттыру мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары АНҚ көрсетушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";

      39-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарлары жауапкершілік аудандарын бөлу тұрғысынан, әуежай басшылары бекіткен әуежайларда авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықтармен үйлестіріледі.";

      мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:

      "41-1. Кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарына әзірліктің үш дәрежесі белгіленеді:

      1) № 1 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК дереу ұшып шығуға дайын, қозғалтқыштар сыналған, электр қорегінің жерүсті көздері қосылған, авариялық-құтқару мүлкі әуе кемесінің бортында және дереу пайдалануға дайын;

      ұшу құрамы, ҚПДТ (болған жағдайда) әуе кемесінің ішінде, ал техникалық құрам – әуе кемесінің жанында болады;

      экипажға тапсырма берілді және қажет болғанда ұшу кезінде радио бойынша нақтыланады, экипаж командирі ұшуды басқару пунктімен радиобайланыста болады;

      тапсырмаларды орындау үшін ЖІҚК дереу шығуға дайын тұрады;

      тікұшақтың ұшып шығуы және ЖІҚК шығуы – 10 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы – бұйрық берілгеннен кейін 15 минуттан соң;

      2) № 2 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК ұшып шығуға дайын, қозғалтқыштар сыналған, авариялық-құтқару мүлкі ӘК бортында және пайдалануға дайын;

      ұшу және техникалық құрамы, ҚПДТ (болған жағдайда) ӘК-ге жақын арнайы бөлінген жерде болады;

      экипажға ұшып шығуды ұйымдастыру және іздестіру тәсілі бойынша нұсқаулар берілді;

      іздестіру бойынша тапсырма ұшар алдында және қажет болғанда ұшу кезінде нақтыланады;

      ҚПДТ жеке құрамы бөлімше басшысы белгілейтін жерде болады, тапсырмаларды орындауға шығуға дайындалған ҚПДТ мүлкі мен жарақтары салынды және көлік құралына қойылды, көлік құралдарының орналасқан орны әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықта көрсетілген;

      тікұшақтың ұшуы және ҚПДТ шығуы – бұйрық берілгеннен кейін 20 минуттан кешіктірілмейді;

      ұшақтың ұшып шығуы – бұйрық берілгеннен кейін 30 минуттан кешіктірілмейді;

      3) № 3 әзірлік:

      іздестіру-құтқару ӘК, автомобильдер және тағы басқа іздестіру-құтқару құралдары пайдалануға дайын және белгіленген жерлерде (әуеайлақтарда, тұрақтарда немесе гараждарда) тұрады;

      ұшу, техникалық және ҚПДТ және ЖІҚК жеке құрамы сабақта, жұмыста және демалыста;

      мемлекеттік авиацияның іздестіру-құтқару ӘК ұшуы, ЖІҚК шығуы жазда 30 минуттан, қыста – 45 минуттан кешіктірілмейді; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі авиациясының іздестіру-құтқару ӘК № 3 әзірліктен ұшып шығуы үшін қажетті уақыт аралығы жазда – 2 сағат 30 минутты және қыста 3 сағатты құрайды.

      Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 жарамдылықтан ұшып шығу уақыты бұйрық берілген соң 2 сағат 20 минуттан кешіктірілмейді.

      Ескертпе:

      1. Мемлекеттік авиация экипаждары үшін:

      1) № 3 әзірліктен № 2 әзірлікке өту уақыты – 10 минут (тынығу жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 20 сағат 10 минут);

      2) № 3 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 20 минут (тынығу жағдайынан, жұмыстан тыс уақытта – 20 сағат 20 минут).

      3) № 2 әзірліктен № 1 әзірлікке өту уақыты – 10 минут;

      2. Азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірліктен № 1 және 2 әзірлікке өту уақыты – 2 сағат 20 минут.

      3. Іздестіру-құтқару ӘК экипаждарының:

      № 1 әзірлікте болу уақыты – 2 сағаттан аспайды;

      № 2 әзірлікте болу уақыты – тәулік бойы ( 2 тәуліктен аспайды);

      кейіннен № 3 әзірлікке ауысумен кезекшілік атқарғанда ұшу кезінде ғана № 2 әзірлікте болу уақыты – 7 тәулік (мемлекеттік авиация экипаждары үшін);

      мемлекеттік авиация экипаждары мен азаматтық авиация экипаждары үшін № 3 әзірлікте (тұрақты тұрғылықты орындарында емес) болу уақыты – 15 тәуліктен аспайды.";

      42-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "АНҚ көрсетушімен шарт жасасқан кезекші іздестіру-құтқару ӘК-сін пайдаланушылар күн сайын Үйлестіру орталығына белгіленген уақытта кезекшілікке шыққан іздестіру-құтқару ӘК экипаждары туралы, іздестіру-құтқару ӘК-сінің ұшуды орындауға әзір екені туралы мәліметті баяндайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Іздестіру-құтқару экипажы кезекшілікке шығар алдында ӘК тиесілі авиакомпанияның (пайдаланушының) ұшу қызметінің басшысы (немесе оның орынбасары) (мемлекеттік авиацияда – тікелей бастық немесе оның орынбасары не құрылымдық бөлімшенің командирі) нұсқау береді. Нұсқау барысында іздестіру-құтқару экипажы:

      1) кезекшілікке тапсырма алады;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды белгілейді;

      3) іздестіру және құтқару ауданының шекараларын, кезекшілік уақытына арналған ұшу жоспарын нақтылайды.

      Іздестіру-құтқару ӘК экипажы авиакомпанияның (пайдаланушының) тұрақты орналасу орнынан (мемлекеттік авиацияда – тұрақты орналасу пунктінен) тыс жерде болған жағдайда, нұсқауды байланыс құралдарын пайдалана отырып беруге рұқсат беріледі.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кезекшілікке бөлінген іздестіру-құтқару ӘК-сін апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК-нің жолаушыларын және экипажын іздестіру мен құтқару мақсатынан басқа, мыналар:

      1) іздестіру-құтқару ӘК экипажының жауапкершілік аумағында жаттығу мақсатындағы ұшу;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсету;

      3) іздестіруге ұшып шығуға белгіленген мерзімдерін сақтаған жағдайда, орналасқан әуеайлақ ауданындағы өндірістік қызмет үшін қолдануға рұқсат етіледі.

      47. Авиациялық іздестіру және құтқару күштері мен құралдарының құрамына кіретін ПДҚТ түрлі климаттық географиялық жағдайларда күндіз де, түнде де парашютпен секіруге әзір болуы тиіс.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Апат туралы сигнал беру осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ашық мәтінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 60-1, 60-2, 60-3 және 60-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "60-1. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК экипажының әрекеті:

      1) ӘК командирі (бұдан әрі – ӘКК) ұшып келе жатқан ӘК бортындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

      2) ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы апат сигналын береді. Сигнал беру тәртібі осы Қағидаларға 11-қосымшада айқындалған.

      Апат сигналдары апат уақытында қолданылып отырған ӘҚҰ (ӘҚБ) ұйымдарымен байланыс арнасының жұмыс істеу жиілігінде, сондай-ақ 121,5 МГц халықаралық авариялық жиілігінде (әуе кемесін басып алу кезінде де пайдаланылатын) радиотелефон режимінде немесе теңіз қызметтерінен көмек сұраған кезде 500 кГц немесе 2182 кГц және 8364 кГц жиіліктерінде радиотелефон режимінде беріледі;

      3) әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону туралы шешім қабылдау кезінде ӘКК экипаждың барлық мүшелері мен жолаушыларға бұл туралы ескертеді және олардың одан әрі іс-қимылдарының тәртібі туралы нұсқау береді;

      4) мәжбүрлі қону кезінде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейін жер бетіндегі (кеме) радиостанциялармен радиобайланыс жүргізеді, ал үзілістерде хабар таратқыштарды қосылған күйінде (батырмасы қосылған) ұстайды.

      Пеленгілеу сигналдарын автоматты түрде беру құралдары да, егер олар болса тұрақты жұмыс режиміне қосылады.

      60-2. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жүзеге асырған ӘК экипажы мына тәртіппен әрекет етеді:

      1) дереу жолаушыларды ӘК-ден қауіпсіз қашықтыққа шығарады;

      2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      3) өзінің орналасқан жерін анықтайды немесе нақтылайды;

      4) жақын арадағы әуеайлақпен, жердегі немесе ұшақ радиостанциясымен байланыс орнату бойынша шара қабылдайды;

      5) жақын арадағы әуеайлаққа немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақыты, орны және жолаушылар мен экипаждың, әуе кемесінің жай-күйі және қажетті көмек туралы хабарлайды;

      6) өрт болған жағдайда борттық және қолда бар өрт сөндіру құралдарының көмегімен мүмкіндігінше өртті сөндіреді.

      Әуе кемесі мәжбүрлі қонған жердегі барлық жұмыстарға ӘКК басшылық жасайды, егер ӘК ұшуға пайдалану жөніндегі басшылық (экипаж нұсқаулығы) өзгеше тәртіп белгілемеген болса, ӘК-ден соңғы болып кетеді.

      Мәжбүрлі қону аумағында қалу немесе кету туралы шешімді ӘКК қабылдайды.

      60-3. Апатқа ұшыраған ӘК-нің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені, жүкті, багажды, поштаны тасымалдау бойынша шаралар қабылдайды және басқа да қажетті шараларды жүргізеді.

      60-4. ӘК суға мәжбүрлі қонған жағдайда одан тоқтағаннан кейін және ӘКК-нің бұйрығы бойынша шығу керек. Бұл ретте:

      1) экипаж мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін киюі және ӘК-ден шығар алдында газбен толтырылған жүйені қосуы;

      2) суға топтық құтқару су құралдарын жіберу;

      3) барлық адамдарды ӘК-ден салдарға жіберу қажет, жараланғандар мен балалар бірінші кезекте жіберіледі;

      4) жүзу құралдарына қолда бар азық-түлік, су және жарақтар қорын тиеу;

      5) ӘК-ден қауіпсіз арақашықтыққа ол суға батып кеткенше жүзіп кету қажет.

      Апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-ге көмек көрсету үшін бағытталған авариялық-құтқару көлік құралдары су бетінде қозғалыстың барлық түрлері алдында басымдыққа ие.";

      68-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін азаматтық авиацияда ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету АНҚ көрсетуші филиалының (өкілдігінің) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің басшысына (бұдан әрі – РТЖБП) жүктеледі.";

      74-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқыту аяқталғаннан кейін АНҚ көрсетуші мамандарына ӘК үйлестірушісі біліктілігі беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. ІҚО (Ж) нұсқаушыларын даярлау және оқыту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен (келіскен) оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу орталықтарында жүзеге асырылады.";

      81 және 82-тармақтар мынадай редакция да жазылсын:

      "81. ІҚО (Ж) тиімділігін арттыру үшін:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге тартылған күштерге оқу-жаттығу өткізу және құралдарды пайдалану;

      2) ұшуларды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге қатысатын мамандардың және Үйлестіру орталығы персоналының басқа мемлекеттердің үйлестіру орталықтары мен іздеу және құтқарудың қосымша орталықтарына олармен байланыс орнату және сақтау мақсатында мерзімді баруы ұйымдастырылады.

      Оқу-жаттығулар ІҚО (Ж) жүргізу ықтималдығы елеусіз болған уақыт кезеңінде өткізіледі.

      Оқу-жаттығуға қатысушы мемлекеттердің ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуге жауапты уәкілетті органдары өздерінің іздестіру-құтқару қызметі органдарының және басқа мемлекеттердің осыған ұқсас іздестіру-құтқару органдарының қатысуымен бірлескен оқу-жаттығуларын жүргізу іс-шараларын ұйымдастырады.

      82. Оқу-жаттығулар:

      1) нақты авариялық жағдайда сенімділікті қамтамасыз ету үшін барлық іздестіру-құтқару күштері арасындағы орнатылған байланыс арналары мен құралдарын кезең-кезеңімен пайдалануға байланысты байланысқан оқу-жаттығулар;
      2) іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын ішінара өрістете отырып әзірленген жоспар-сценарийлер негізінде дағдарыс жағдайына ден қою шараларының имитациясын болжайтын үйлестіру оқу-жаттығулары;

      3) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК имитацияланған объектіні іздестіру мақсатында ІҚО (Ж) ұйымдастыру жоспарында көзделген іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын қатыстырып өткізілетін толық ауқымды (далалық) оқу-жаттығулар болып бөленеді.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары, пайдаланушылар, аэроклубтар апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпарат алған кезде қажетті көмек көрсету бойынша мүмкін болатын барлық шараларды қолданады және ІҚО (Р) жүргізу жоспарына сәйкес іздестіру-құтқару командаларын, мемлекеттік органдардың авариялық-құтқару қызметтерін, ӘК пайдаланушыларын дереу хабардар етеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тергеп-тексеру жүргізуді ұйымдастыру үшін азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарға хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:

      "99-1. Орналасқан жері туралы ешқандай мәліметтер жоқ және Қазақстан Республикасына жататын іздестіру және құтқару аудандарында және іргелес мемлекеттердің іздестіру және құтқару аудандарында болуы мүмкін ӘК-ге қатысты авариялық кезеңдерді жариялау кезінде одан әрі іс-қимылдарды және іздестіру-құтқару шараларын үйлестіру бойынша Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 12-қосымшаны басшылыққа алу қажет.";

      111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "111. Шұғыл түрде ұшып шығу кезінде кезекші іздестіру-құтқару экипаждары "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес ӘҚҚ органдарына ұшу жоспарын ұсынбай іздестіруге ұшып шығуы мүмкін. Бұл ретте іздестіру міндеттерін қою, апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК мен экипаж туралы, метеожағдай, ұшу бағыты мен биіктігі, әуе және жерүсті іздестіру-құтқару күштерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы деректерді нақтылау және басқа ақпаратты тарату экипаж ұшып көтерілгеннен кейін радио арқылы жүзеге асырылады.";

      119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Егер радиотехникалық іздестіру нәтижесінде апатқа ұшырағандар табылмаса және олармен байланыс орнатылмаса, іздестіру-құтқару ӘК командирінің шешімі бойынша (қажет болған кезде ІҚО (Ж) басшысымен келісу бойынша) визуалды іздестіру жүргізіледі. Іздестірудің қолданылған әдісіне (радиотехникалық немесе визуалды) қарамастан, іздестірудің алғашқы екі күнінде ұшу борттық іздестіру аппаратурасының іске қосылған кешенімен (бар болса) орындалады.";

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Жерден сигнал берген кезде ӘК бұл сигналды түсінгендігін немесе түсінбегендігін осы Қағидалардың 152-тармағында көрсетілген құралдарды пайдаланып немесе егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болса, тиісті визуалды сигналдың көмегімен көрсетеді.";

      150-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер ол хабарланса, апат туралы хабарлама алғандығын растайды және апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК-нің орналасқан жерін белгілейді;";

      167-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) олардың бастапқы орналасқан жеріне қайта оралуын қоса алғанда, ІҚО (Ж) жүзеге асыру кезінде ұшудың нақты орындалуын растайтын АНҚ көрсетушіден алынған анықтама;";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 663 қаулысына
1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету схемасы





  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 663 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
3-қосымша

Іздестіру-құтқару әуе кемелерін мүлікпен және керек-жарақпен жарақтандыру

      1. Құтқару мүлкі мен керек-жарағының тізбесі (ең төменгі)


Р/с

Мүліктер мен керек-жарақтар

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Азық-түлік қоры (үш тәулікке): құрғақ азық (азық концентраттары жиынтығы немесе консервіленген азық-түлік тағамдары), қойытылған сүт, кофе, қант пен тұз, герметикалық түрде жабылған (алюминий фляга (тысталған) немесе бұралатын тығыны бар полиэтилен сыйымдылықтар) суы бар сыйымдылықтар

жиынтық

2

2.

Алюминий қазан

дана

2

3.

Мелалит саптыаяқ

дана

2

4.

Алюминий қасық

дана

2

5.

Термос (сыйымдылығы) 10 л, суы бар

дана

1

6.

Канистра (сыйымдылығы) 20 л

дана

1

7.

Портативті радиотаратқыш/қабылдағыш (авариялық радиостанция)

жиынтық

2

8.

Пиротехникалық сигнал беретін құралдар (түрлі-түсті түтін шығаратын шамдар немесе жарық беретін зымырандар) немесе басқа жарық сигналдарын беретін құралдар

дана

10

9.

Қосалқы батареялар жиынтығы бар қалта

жиынтық

2

1

2

3

4


электр қол шамы



10.

Компас

дана

1

11.

Дүрбі

дана

1

12.

Ысқырғыш

дана

2

13.

Сигнал беретін айна

дана

2

14.

Сигналдық кодтар кестесі, аман қалу әдістеріне қатысты ұсыныстары бар кітапша

дана

2

15.

Алғашқы медициналық көмек көрсету жиынтығы (қобдиша)

жиынтық

1

16.

Жылы киім-кешек (күрте, шалбар, жылы көксауыр етік, жүннен тоқылған шұлық, бас киім, қолғап) (ауа райы салқын аудандарда жүн, қалған жерлерде маусымдық)

жиынтық

2

17.

Ұйықтау қапшығы (ауа райы салқын аудандарда тері)

жиынтық 

2

18.

Шатыр

жиынтық 

1

19.

Ылғал мен желге төзімді сіріңке

қорап

4

20.

Құрғақ жанармай (таблетка түрінде)

таблетка

20

21.

От жағуға арналған лупа

дана

1

22.

Суды тазартатын таблеткалар (құралдар)

орам

4

23.

Пышақ-мачеті

дана

2

24.

Балта

дана 

2

25.

Сүймен

дана

1

26.

Ағаш кесетін қол ара  

дана 

1

27.

Металл кесетін қол ара (10 қосалқы төсемі бар) 

дана

1

28.

 Үшкір күрек

 дана

1

29.

Өрт сөндіргіш (көлемі 10 л кем емес)

дана

1

30.

Таяқтары бар шаңғы (қарлы аудандар үшін)

жұп

2

31.

Санитарлық зембілдер

дана

1

32.

Омыртқасы зақымданған адамдарды тасымалдауға арналған қалқан

дана

1

33.

СУ-Р (тікұшақтар үшін)

жиынтық 

2

34.

Батареялар жиынтығы бар электр мегафон (тікұшақтарға арналған)

жиынтық 

1

35.

Құтқару кеудешесі (белдігі) * (таулы аудандарға арналған)

дана

2

36.

Құтқару салдары (немесе қайық)*

дана

2

37.

Су айдындарын бояуға арналған құрал (бояғыш маркерлер) немесе қалқымалы түтіндік буй *

орам

4

1

2

3

4

38.

Халықаралық сигналдар жиынтығы*

дана

1

      * теңіз акваториясы аудандары үшін (үлкен су айдыңдары).

      2. 1-30 және 35-38-тармақтарда көрсетілген құтқару мүлкі мен керек-жарағы әуе кемесінен лақтыру үшін арнайы жұмсақ қаптарға (парашютті-десанттық қаптар) немесе контейнерлерге салынады. Мүлік (жүзу құралдарынан басқа) су өтпейтін қаптарға салынады.

      3. Құтқару кеудешелері (белдіктері), құтқару салдары (қайықтар) байламдардан алынады және олар үшін көзделген қолдануға дайындалған ораммен тиеледі.

      4. Құтқару мүлкі мен керек-жарағы бар қаптарда түрлі-түсті кодтың, ағылшын, орыс (және қазақ) тілдеріндегі жазулардың баспаханалық тәсілмен жазылған және түсініктемені талап етпейтін нышандардың көмегімен (контейнерлерде) олардың ішіндегісінің жалпы сипаттамасы белгіленуі тиіс.

      Қаптардың (контейнерлердің) сыртқы бетінде:

      1) жиынтықтың ішіндегіні белгілейтін ені 50 мм түрлі-түсті сақиналы жолақ немесе боялған жалаушалар түріндегі таңба бекітіледі:

      ҚЫЗЫЛ – дәрі-дәрмек пен медициналық көмек көрсету құралдары;

      КӨК – су және азық-түлік;

      САРЫ – киім-кешек, ұйықтау қапшықтары, шатыр;

      ҚАРА – радиостанциялар, сигнал құралдары, ыдыс-аяқ;

      2) ХАТІҚН сәйкес жарық қайтаратын материалдан жасалған тиісті пиктограммалары бар таспалар пайдаланылады.

      Барлық түсірілетін қаптарға (контейнерлерге) ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде басып шығарылған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар салынады және мүмкіндігінше, түсініктемелерді қажет етпейтін суреттермен және нышандармен толықтырылады.

      5. Жауапкершілік аймағының (ауданының) климаттық-географиялық және гидрометеорологиялық жағдайларына байланысты ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін кезекші іздестіру-құтқару ӘК пайдаланушылар осы Тізбені қосымша құтқару мүлкімен және жарақтармен толықтырады.




  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 663 қаулысына
3-қосымша
 
  Қазақстан Республикасының
аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға
11-қосымша

Әуе кемелерінің апат және шұғыл сигналдары

1. Апат сигналдары

      1. Бір мезгілде немесе бөлек-бөлек берілетін апат сигналдары әуе кемесіне үлкен, тікелей қауіп төніп тұрғандығын және оның дереу көмек көрсетуге мұқтаж екендігін білдіреді.

      2. Ұшып келе жатқан кезде апат туралы хабарламалар ашық мәтінде, бірінші кезекте:

      1) радиотелефонмен:

      апатқа ұшыраудамын – үш рет (халықаралық ұшу кезінде "МЭЙДЭЙ");

      мен – бір рет;

      апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;

      апат орнының координаттары – екі рет беріледі;

      2) радиотелеграфпен:

      радиотелеграф бойынша берілетін сигнал мынадай топтан тұрады:

      "SOS" (...- - -...) үш рет қайталанатын, "ДЕШ" (-) – бір рет

      thisis (зис из) тіркесі (халықаралық ұшулар кезінде);

      апатқа ұшырау жағдайындағы әуе кемесінің шақыру белгісі – үш рет;

      апат орнының координаттары – екі рет;

      қысқа уақыт аралығында бір-бірден жіберілетін, қызыл түсті от шығаратын зымырандар;

      3) радиотелефон және радиотелеграфпен:

      ұшу бағыты;

      ұшу жылдамдығы;

      ұшу биіктігі (эшелоны);

      апаттың сипаты мен қажетті көмек;

      ӘКК шешімі және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететін басқа мәліметтер беріледі.

      Бір уақытта "SOS" немесе "Апатқа ұшыраудамын" сигналдарын таратқан кезде, тану аппаратурасының "Апат" сигналы және екінші реттік радиолокация жүйесінің ӘҚБ борттық жауап бергішінде "Авария" (7700 коды) сигналы қосылады.

      3. Мүмкіндік болса, апат сигналынан кейін бірден мыналарды көрсету арқылы апат туралы хабарлама беріледі:

      1) жердің ендігі – екі рет;

      2) жердің ұзақтығы – екі рет;

      3) дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) – екі рет;

      4) зақымдану және қажетті көмек түрі – бір рет;

      5) ӘКК қабылдаған шешім және іздестіру мен құтқаруға әсер ететін басқа да мәліметтер – бір рет;

      6) "Қабылда" сөзі.

      Апат туралы әр хабарламаны бергеннен кейін радиоэфирді тыңдау үшін 1-2 минутқа қабылдауға көшу керек.

      4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанциялармен жұмыс істеген кезде, апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажы қонғаннан кейін "КОСПАС-САРСАТ" спутник жүйесінің пеленгациясын қамтамасыз ету үшін дереу радиостанцияны ("Маяк" режимін) тоналдық тарату режиміне қосады, бұл режимде 3 сағат бойы жұмыс істеп, содан кейін қабылдау режиміне көшеді.

      5. Апатқа ұшыраған ӘК экипажында "Комар" типті автоматты радиомаягы болған жағдайда, парашютпен түскеннен кейін бірден таратқыш жұмысы тоналдық дыбыстарды тыңдау арқылы тексеріледі. Бұл режимде таратқыштың жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Содан кейін қабылдау-таратқышты радиомаяктың үрлемелі баллонынан алып, антеннаны орнату және қабылдау режиміне қосу керек.

      6. Бірінші тәуліктерде әрбір сағаттың басында қонғаннан кейін әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция қабылдау режимінде тұруға тиіс. Келесі тәуліктерде әрбір сағаттың басында әрбір таратудан кейін 3 минутқа қабылдау режиміне көшу арқылы апат туралы хабарламаны үш рет беру жүргізіледі, қалған уақытта радиостанция өшіріліп тұрады.

      7. Жерге қонғаннан кейін берілетін апат туралы хабарлама ауада берілетін апат туралы хабарламаға ұқсас. Іздестіру-құтқару ӘК-сінің (ұшақтың немесе тікұшақтың) дыбысы пайда болған немесе оны визуалды көрген кезде апат туралы хабарлама беру және онымен екіжақты радиобайланыс орнатуы керек; егер екіжақты байланыс орнату мүмкін болмаса, апат туралы хабарлама беруді 1,5-2 минут ішінде келтіру үшін сигналдар таратумен ("Маяк" режимі) кезектестіреді; ӘК экипажымен екіжақты байланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейінгі жұмыс тәртібін іздестіру-құтқару ӘК командирі айқындайды.

      8. Апатқа ұшыраған ӘК командирінің (экипажының) өзара радиокедерілерді болдырмау үшін бір жерде бір уақытта тарату үшін бірнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ-радиостанцияларын қосуына тыйым салынады.

      Осы бөлімнің бірде-бір ережесі апатқа ұшырау жағдайындағы ӘК экипажына назар аудару, өзінің орналасқан жері туралы хабарлау және көмек алу үшін өз қарамағындағы кез келген құралдарды пайдалануға тыйым салмайды.

      Электр байланыс арналары бойынша апаттық және шұғыл сигналдарын таратудың толық қағидалары Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Авиациялық электр байланыс" деген 10-қосымшада көрсетілген.

2. Шұғыл сигналдар

      9. Шұғыл сигналдар ӘК экипажы оны амалсыз қонуға мәжбүрлейтін, бірақ дереу көмек көрсетуді қажет етпейтін қиыншылықтарға тап болғанын көрсетеді және:

      1) қондыру фараларының қайта-қайта жанып-сөнуі;

      2) импульсті аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетін аэронавигациялық оттардың қайта-қайта жанып-сөнуі арқылы беріледі.

      10. ӘК және ондағы жолаушылар мен экипаж үшін төнуі мүмкін қауіп жағдайларында берілетін халықаралық шұғыл сигналдар:

      1) радиотелеграф арқылы "ЬЬЬ" – үш рет;

      2) радиотелефон арқылы "ПАН ПАН" (PAN PAN) – үш рет беріледі.

      11. Бірге немесе бөлек берілетін төмендегі сигналдар ӘК-нің қауіпсіздігіне немесе бортта немесе оның көру шегінде қандай да бір адамның бар болуына қатысты шұғыл түрде таратылатын хабарламасы бар екенін білдіреді:

      1) радиотелеграф арқылы немесе таратылатын XXX тобынан тұратын және сигналдарды берудің қандай да бір басқа әдісінің көмегімен тарату арқылы берілетін сигнал;

      2) дауыстап айтылатын PAN, PAN, PAN сөздерінен тұратын радиотелефондық шұғыл сигнал;

      3) деректерді тарату желісі арқылы жіберілген және PAN PAN сөздерінің мағынасын беретін шұғыл хабарлама.