"Ұлттық теміржол компаниясының және ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 608 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық теміржол компаниясының және ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 1389 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "ҚТЖ-Жүк тасымалы" акционерлік қоғамы – жүк тасымалдау бойынша;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев