Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2019 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінде:
"Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау" деген 1-бөлім алып тасталсын;
реттік нөмірлері 4 және 5-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. |
Туристік виза: |
30 АҚШ доллары |
8. |
Транзиттік виза: |
15 АҚШ доллары |
";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде алынатын консулдық алым мөлшерлемелерінің базалық ең төмен және ең жоғары мөлшерлерінде:
реттік нөмірлері 5 және 6-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірлері 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | Көп мәртелiк виза және оның мерзімін ұзарту (туристік және транзиттік визалардан басқа) |
1 – 1000 |
1 – 950 |
1 – 810 |
1 – 1020 |
1 – 1350 |
1 – 116440 |
8. |
Туристік виза: |
1 – 60 |
1 – 60 |
1 – 60 |
1 – 65 |
1 – 90 |
1 – 7550 |
9. |
Транзиттік виза: |
1 – 40 |
1 – 40 |
1 – 40 |
1 – 45 |
1 – 45 |
1 – 5660 |
";
реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
19. | Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болу) және ұлтын өзгертуге байланысты жағдайлардан басқа, атын, әкесiнiң атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде тиісті куәліктерді беру, сондай-ақ қажетті материалдарды ресімдеу. |
25 – 100 |
15 – 70 |
15 – 65 |
25 – 110 |
29 – 116 |
2000 – 9450 |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |