"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 466 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1), 25-1), 25-2), 25-3), 25-4), 25-5) және 25-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;";

      "25-1) жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      25-2) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      25-3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      25-4) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асырады;

      25-5) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;

      25-6) жайылымдарды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;";

      171), 172), 173) және 174) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 202-1), 202-2), 202-3), 202-4), 202-5), 202-6), 202-7), 202-8), 202-9), 202-10), 202-11), 202-12), 202-13), 203-14), 202-15) және 202-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "202-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      202-2) "электрондық үкiметтiң" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

      202-3) мемлекеттік органның мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін құрады және дамытады;

      202-4) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың толықтыруды жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;

      202-5) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді, оның өзектендірілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны іске асыруға қажетті жағдайлар жасайды;

      202-6) "электрондық үкiметтi" дамытуға қатысады;

      202-7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарауындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      202-8) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың өзектендірілуін қамтамасыз етеді;

      202-9) мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (бар болса) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз етеді;

      202-10) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;

      202-11) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;

      202-12) өз интернет-ресурсында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастырады;

      202-13) интернет-ресурсты мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады, сондай-ақ олардың дұрыстығын және өзектендірілуін қамтамасыз етеді;

      202-14) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітеді;

      202-15) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

      202-16) кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді;";

      204) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "204) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге кіруіне рұқсат береді;";

      мынадай мазмұндағы 207-15) және 207-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "207-15) ашық деректер интернет-порталында ашық деректерді қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды жүзеге асырады;

      207-16) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлейді, оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және бекітеді;";

      424) және 427) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "424) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;";

      "427) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 434-4), 434-5), 434-6), 434-7) және 434-8):

      "434-4) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;

      434-7) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;

      434-8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;" деген тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 434-24), 434-25), 434-26), 434-27), 434-28) және 434-29) тармақшалармен толықтырылсын:

      "434-24) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;

      434-25) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-27) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;

      434-28) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;

      434-29) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;";

      17-тармақта:

      133), 134), 389) және 390) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 411-36) тармақшамен толықтырылсын:

      "411-36) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев