Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 6, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жауапты құрылымдық бөлімше – тұрғын үйге мұқтаж деп танылған адамдарды есепке алу жөніндегі функциялар жүктелген мекеменің бөлімшесі.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй төлемдерін алушылар болып танылған қызметкерлердің есебін мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
8. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленуге тиіс соманы есептеуді мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшелері жасаған тізімдердің негізінде мекеменің қаржы бөлімшесі жүргізеді.";
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкердің жеке арнайы шотын жабу "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады";
бірінші бөлімнің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы) дәлелденсе, біржолғы ақшалай өтемақы төленбейді:";
екінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде қаза табуының (қайтыс болуының) және қызмет өткеру кезеңінде науқастануының себепті байланысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен айқындалады";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қызметкердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін тұрғын үйдің алаңы Заңның 101-1-бабының 1-тармағына сәйкес белгіленген тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасы мен қызметкерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдың пайдалы алаңының арасындағы айырма ретінде отбасы мүшелері ескеріле отырып, айқындалады.";
21, 22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тұрғын үй төлемдерін тағайындау және тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін қызметкер қызмет өткеретін орны бойынша мекеменің тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мекеменің бірінші басшысының не ол белгілейтін лауазымды адамның атына оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау туралы баянатты.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін қызметкер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылғанын растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылғанын растайтын құжаттарды беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, арнаулы мемлекеттік органдардың мекемелерінде қызмет өткеріп жүрген кезеңде оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянатының көшірмесі беріледі;
2) баянат берген күннен кешіктірмей алынған әділет органының анықтамасын (өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында олардың жеке меншік құқығына тиесілі тұрғын үйдің бар немесе жоқ болуы туралы);
3) баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алынған жергілікті атқарушы органның анықтамасын (өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрақты пайдалануға берілген тұрғын үйінің бар немесе жоқ болуы туралы);
4) баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мекеменің кадр бөлімшесі берген (отбасы құрамын, күнтізбемен есептегенде еңбек сіңірген жылдарын, қызмет өткеру кезеңдері мен орнын, оның ішінде қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мен тұрғын үй төлемдерін алуын көрсете отырып) жұмыс орнының анықтамасын;
5) баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей алынған жұбайының (зайыбының) жұмыс орны берген мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алғаны не алмағаны туралы мәліметтері бар анықтаманы;
6) қызметкердің жалғыз үйі авариялық деп танылған жағдайда жергілікті атқарушы органның анықтамасын;
7) отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сәйкес келмесе не іргелес, оқшауланбаған тұрғын үй-жайда екі немесе одан да көп отбасы тұрған жағдайда не отбасы құрамында онымен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес науқас, созылмалы аурудың кейбір ауыр түрімен (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулар тізімі бойынша) ауыратын адам бар болса, тиісті уәкілетті органның анықтамасын;
8) ипотекалық ұйымның қызметкермен жасасқан негізгі міндеттемесі орындалмаған ипотекалық шарт туралы анықтаманы;
9) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке бастарын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
10) балаларының тууы, неке қию (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелерін;
11) балаларында он сегіз жасқа жеткенге дейін алған мүгедектік болған кезде мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
12) осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдалағандығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
13) алып отырған тұрғын үйдің алаңын растайтын құжаттардың көшірмелерін (тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігіне байланысты тұрғын үйге мұқтаж деп танылған қызметкерлер үшін ғана);
14) қызметкер тұрғын үйді сатып алған сәтте тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі болған жағдайда Заңның 101-4-бабының 3) тармақшасында көзделген мақсаттарға бұрын жүргізілген шығыстарды растайтын құжаттарды.
Ауруы бойынша жұмыстан шығарылған кезде, егер науқасы қызмет өткеру кезеңінде алынып, әскери-дәрігерлік комиссия қызметкерді қызметке жарамсыз (есептен шығара отырып, жарамсыз) деп таныса, мекеменің кадр бөлімшесі растаған әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі қоса беріледі.
22. Мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкердің баянаты тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және материалдарды тоқсанына кемінде бір рет, қажет болғанда айына бір рет өтетін мекеменің тұрғын үй комиссиясының отырысына дайындайды.
23. Мекеменің тұрғын үй комиссиясы мекеменің тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделетін қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындау (тұрғын үйге мұқтаж қызметкердің тұрғын үй төлемдерінің есебін және тағайындау күнін белгілеу үшін тұрғын үй аумағының көлемін көрсете отырып) немесе тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін негіздеменің жоқ екені туралы шешім шығарады.
24. Қызметкер Заңның 69 және 70-баптарының талаптарына сәйкес келмеген, Заңның 72-бабында белгіленген негіздемелер болған және (немесе) олар Қағидалардың 21-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайларда тұрғын үй комиссиясы қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп танудан және оған тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Тұрғын үй комиссиясының хаттамасынан үзінді қызметкердің назарына қол қойғыза отырып жеткізіледі және оның жеке ісіне тігіледі. Тұрғын үй комиссиясы хаттамаларының көшірмелері және (немесе) олардың үзінділері қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде ғана беріледі.";
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тұрғын үй төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды мекеменің тұрғын үй комиссиясы қарап, тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін бекіткеннен кейін, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі Қағидаларға 5 және 7-қосымшаларға сәйкес анықтама түрінде оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін, сондай-ақ Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттарды қызметкердің жеке ісіне тігеді.
Жеке арнайы шот ашу үшін осы Қағидаларға 4 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қызметкерге мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі жасаған анықтамалар беріледі.";
27. Мекеменің тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітіледі.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесіне кіретін мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітілетін 2013 жылғы 1 қаңтарға ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қаржы және жауапты құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Заңның 101-бабының 5, 6, 7-тармақтарының талаптарына сәйкес мекеменің тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін жасайды.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындайтын біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітіледі.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесіне кіретін мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығымен) бекітілетін 2013 жылғы 1 қаңтарға біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі мен есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қаржы және жауапты құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.";
34-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ағымдағы төлемдердің мөлшерін қайта есептеу тұрғын үй комиссиясы шешімінің және қызметкердің жазбаша баянатының негізінде шығарылатын мекеменің бірінші басшысының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін айрықша тәртіпте қызмет өткеретін және штаттық жасырын қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары бекітеді.";
43-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Тұрғын үй төлемдері мекеменің бірінші басшысының бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығына) сәйкес мынадай мерзімдерде:";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін басқа өңірге ауысқан жағдайда, егер Заңның 101-4-бабының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйдің жалға алу төлемдері үшін онымен тиісті шарт жасалса, ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері қызмет атқарған бастапқы өңір бойынша сақталады.
Тұрғын үй төлемдері тұрғын үй комиссиясының шешімі және Қағидалардың 21-тармағында белгіленген құжаттармен қоса, қызметкердің баянатының негізінде шығарылған мекеменің бірінші басшысы бұйрығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады.";
46, 47 және 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Тұрғын үй төлемдерін алушы тұрғын үй төлемдерінің сомалары туралы мәліметті алған кезде арнайы жеке шотында төленген тұрғын үй төлемдерінің жекелеген сомаларының жоқ екенін анықтағанда мекеменің бірінші басшысына не ол белгілейтін лауазымды тұлғаға қате табылғаны туралы (құқыққа қайшы немесе артық төленген және (немесе) төленбеген тұрғын үй төлемдері) (бұдан – әрі қате аударылған) және жіберілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін банкке тұрғын үй төлемдерін аударғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмесін және жеке өзіне қатысты жеке тұлғалардың тізімі бар төлем құжаттарынан үзіндіні ұсыну туралы баянат жолдайды.";
47. Мекеме тұрғын үй төлемдері сомаларын аудару кезінде жол берілген қателерді тапқан немесе алушының қате тапқаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда мекеме қателерді келесі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы түзетеді. Келесі тұрғын үй төлемдерін аударуды реттеу арқылы қатені түзету мүмкін болмаған жағдайда мекеме банкке Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініш жасайды. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтінішке Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алушының нотариат куәландырған оның жеке арнайы шотынан қате аударылған соманы алып тастауға келісім беру туралы өтініші қоса беріледі.";
48. Қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтару туралы өтініште мыналар: мекеменің атауы және деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК), қайтару себебі, қателерге жол берілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні және сомасы), сондай-ақ жеке арнайы шотынан кері қайтару жүргізілетін алушының деректемелері және қайтарылуға тиіс жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке бірінші басшы, мекеменің қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қою және мөрмен куәландырылуы тиіс.";
50 және 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Мекемеге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеген кезде қате жіберген жағдайда, банк "Ақша төлемі мен аударымы туралы" 2016 жылдың 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді реттеу бойынша шаралар қабылдайды".
51. Банктің кінәсі бойынша қате аударылған тұрғын үй төлемдері сомаларын қайтаруға арналған өтініште: атауы мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру коды (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), төлем құжаттарының көшірмелері, енгізу күні және қайтару себебі көрсетіледі. Өтінішке бірінші басшы не ол белгілейтін лауазымды тұлға, мекеменің қаржы бөлімшесінің бастығы (бас бухгалтер) қол қоюы және мөрмен куәландыруы тиіс.";
Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,12,13,14-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10,11,12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебі ___________________________________бойынша мекеменің атауы
Р/с | Бөлімше атауы | Т.А.Ә. (толық) | Үміттеніп отырған тұрғын үйдің алаңы (3-қосымшаның 8-бағанынан) | Статистика уәкілетті органының деректері бойынша өңірдегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау құны (теңгемен) | Айына төлем сомасы (4-баған*5-баған) (теңгемен) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Қызметкерге барлығы | ||||||
Мекеме бойынша барлығы | ||||||
ММ бастығы |
_______________ ________________ | |||||
Қаржы бөлімшесінің бастығы |
_______________ ________________ |
Ескертпе:
1) ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің есебін мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;
2) 1-4-бағандардағы мәліметтерді Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерінің есебі
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының ______ бабының _______ тармағына сәйкес осы қызметкер __________________
(мекеме атауы)
бойынша тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Р/с № | Бөлімше атауы | Тұрғын үйге мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық) | Отбасы құрамы | Үміттеніп отырған тұрғын үйдің алаңы (ш.м.) | Біржолғы тұрғын үй төлемдерін есептеу кезеңі (айлар) | Статистикалық, уәкілетті органның деректері бойынша өңірдегі тұрғын үйдің 1 шаршы м. жалдау/сатып алу құны (теңгемен) | Заңның 101-1-бабының 5-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (8-баған х 9-бағанға х 10-баға) (теңгемен) |
Заңның |
Заңның | Заңның 101-8-бабыың 2-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (теңгемен) | |
отбасы мүшелері | адам саны, оның ішінде қызметкер | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | |||||||||||
Қызметкер бойынша барлығы | |||||||||||
Мекеме бойынша барлығы |
ММ бастығы _______________ ________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Қаржы бөлімшесінің бастығы________________ ________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Ескертпе:
1) біржолғы төлемдердің есебін мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады;
2) 1-7-бағандардағы мәліметтерді Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі ұсынады.
Қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғын үй алаңының есебі
Р/с № | (қызметкер бар болғанда (толық) Т.А.Ә. | Заңның 101-1-бабының талаптарына сәйкес қызметкер, оның ішінде отбасы мүшелері үшін тұрғын үйдің пайдалы алаңының нормасы (ш.м.) | Тұрғын үйдің іс жүзіндегі (бар) пайдалы алаңы (ш.м) | Үміттеніп отырған тұрғын үйдің алаңы 3-баған – 4-баған (ш.м.) | |||
барлығы (5-баған+ 7-баған) | қызметкер | отбасы мүшелері | |||||
туыстық дәрежесі | алаң көлемі | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кадр бөлімшесінің бастығы ____________________ _____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
20____ жылғы "____" _________
Ескертпе:
қызметкер алуға үміттеніп отырған тұрғын үйдің алаңы туралы мәліметті қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады.
____________________________________________________________________
(мекеменің атауы)
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы
АНЫҚТАМА
(банкке ұсыну үшін)
___________________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы "____" _________ №________________
хаттамасымен 20__ жылғы "____"___________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабы 1-тармағының ___ тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____________________ теңгені құрайды
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ____________________ ______________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
М.О.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы АНЫҚТАМА (қызметкердің жеке ісіне қоса тігу үшін) ___________________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20 __ жылғы "____" ________ №____________ хаттамасымен және__________________________________________бұйрығымен
(мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)
20 ____ жылғы "____"______________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 101-2 бабы 1-тармағының ____ тармақшасына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып танылады.
Ағымдағы тұрғын үй төлемдері _____________________ теңгені құрайды.
Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер
Р/с | Т.А.Ә. (толық) | Қызметкердің отбасы мүшелері | Туған күні | Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күні | Туыстық дәрежесін растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кадр бөлімшесінің бастығы __________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
20____ жылғы "____" __________________.
Ескертпе:
тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметті қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады және оның басшысы қол қояды.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы АНЫҚТАМА (банкке ұсыну үшін)
__________________________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. толық)
тұрғын үй комиссиясының 20___жылғы "____" _________ №________________
хаттамасымен 20____ жылғы "____"_____ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының _________ бабының ____ тармағына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы _________________ ________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
М.О.
2013 жылғы 1 қаңтарға біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы туралы АНЫҚТАМА (қызметкердің жеке ісіне қоса тігу үшін) ___________________________________________________________________
(қызметкердің Т.А.Ә. толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20____жылғы "____"__________№_______________
хаттамасымен және _______________________________________ бұйрығымен
(мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)
20 ____ жылғы "____"__________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.
20 ____ жылғы "____"__________ №___________жазбаша өтініштің (баянаттың) негізінде және "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының ____ бабының ____тармағына сәйкес осы қызметкер тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылады.
2013 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдары ____ жыл ____ ай ____ күнді құрады.
Қызмет өткеру туралы мәліметтер
Р/с № | Қызмет кезеңі | Қызмет өткеру туралы бұйрықтардың нөмірлері | Қазақстан Республикасының өңірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тұрғын үйге мұқтаж деп танылған отбасы мүшелері туралы мәліметтер
Р/с № | Т.А.Ә. (толық) | Қызметкердің отбасы мүшелері |
Туған күні | Тұрғын үйге мұқтаж деп таныған күні | Туыстық дәрежесін растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 |
ММ бастығы _____________________ _________________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ______________ ___________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы ______________ ___________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.)
Ескертпе:
біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушы және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады.
_______________________________________________бойынша
(мекеменің атауы)
ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
Р/с № | Бөлімшенің атауы | Т.А.Ә.(бар болса) (толық) | Отбасы құрамы | Үміттеніп отырған тұрғын үй алаңы (3-қосымшаның 8-бағанынан) (ш.м.) | |
отбасы мүшелері | адам саны, оның ішінде қызметкер | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қызметкер бойынша барлығы | |||||
Мекеме бойынша барлығы |
ММ бастығы ___________________ _________________
(қолы, күні) (Т.А.Ә.(бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы ________________ ____________________
(қолы, күні) (Т.А.Ә.(бар болса)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы _________________ _________________
(қолы, күні) (Т.А.Ә.(бар болса)
Ескертпе:
ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін қызметкер қызмет өткеріп жүрген бөлімшенің кадр қызметі толтырады.
Біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімі
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы ___ бабының ___ тармағына сәйкес аталған қызметкер __________________________________________ бойынша біржолғы тұрғын үй төлемдерін
(мекеме атауы)
алушы болып табылады.
Р/с № | Бөлімше атауы | Тұрғын үйге мұқтаж адамның Т.А.Ә. (толық) | 01.01.2013 жылғы жағдай бойынша әскери еңбек сіңірген жылдары (қызмет өтілі) | Қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану күні (күні, айы, жылы) | Отбасы құрамы | Біржолғы тұрғын үй төлемін төлеу кезеңі 8-баған -5- баған (айлар) | Үміттеніп отырған тұрғын үй алаңы (3-қосымшаның 8-бағаны (шаршы м.) | ||
отбасы мүшелері | қызметкерді қоса есептегендегі адам саны | отбасы құрамының өзгеру уақыты, туыстық қатынасы | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Қызметкер бойынша жиыны | |||||||||
Мекеме бойынша жиыны |
ММ бастығы ___________________ ________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Тұрғын үй комиссиясының төрағасы _________________ __________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы _______________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Ескертпе:
біржолғы тұрғын үй төлемдерін алушылардың тізімін мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесі толтырады."
Тұрғын үй төлемдерін алушының № _________ талдамалық есепке алу карточкасы
ЖСН _______________________ | |
Жеке арнайы шоттың нөмірі ______________________ | |
Банктің атауы ______________ |
________________________________________________________________________________
(қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
Тұрғын үй комиссиясының 20_____жылғы "____"____________ №____________ хаттамасымен және ________________________________________ бұйрығымен
(мекеменің бірінші басшысы, күні, бұйрық нөмірі)
20_____ жылғы "___" ____________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды;
(күні)
2) ағымдағы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды;
(сома)
3) біржолғы тұрғын үй төлемдері ________________ теңгені құрайды.
(сома)
келесі беті
Р/с № | Кезең | Басындағы сальдо (теңгемен) | Бір айда аударылғаны (теңгемен) | Аударылды | Соңындағы сальдо | ||
Сома | төлем құжатының нөмірі, күні | төлем құжатының сомасы | |||||
1 | 2 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қаңтар | ||||||
2 | Ақпан | ||||||
3 | Наурыз | ||||||
4 | Сәуір | ||||||
5 | Мамыр | ||||||
6 | Маусым | ||||||
7 | Шілде | ||||||
8 | Тамыз | ||||||
9 | Қыркүйек | ||||||
10 | Қазан | ||||||
11 | Қараша | ||||||
12 | Желтоқсан | ||||||
ЖИЫНЫ |
ММ бастығы _________________ _____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Қаржы бөлімшесінің бастығы __________________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Орындаушы ________________ ____________________
(күні, қолы) (Т.А.Ә.(бар болса)
Ескертпе:
тұрғын үй төлемдерін алушының талдамалық есепке алу карточкасын мекеменің қаржы бөлімшесі толтырады.
Банктің басшысына ___________________________________ Тұрғын үй төлемдерінің қате аударылған сомаларын қайтаруға мекеменің өтініші
1. Тұрғын үй төлемдерін төлеушінің деректемелері
1.1__________________________________________________
(мекеменің атауы)
1.2 ЖСН ______________________________________________
1.3 БИК _______________________________________________
1.4 ЖСК ______________________________________________
2. Қате аударылған төлем тапсырмасының деректемелері
2.1 № ________________________________________________
2.2 20____ ж. "___ " _____________ № _____________
2.3 Төлем тапсырмасының жалпы сомасы_________________
3. Тұрғын үй төлемдерін алушы қызметкердің деректемелері _______
3.1 Тегі ______________________________________________
3.2 Аты______________________________________________
3.3 Әкесінің аты (бар болса)_____________________________
3.4 Туған күні _________________________________________
3.5 ЖСН _________________________________________
3.6 Жеке арнайы шотының нөмірі ________________________
3.7 Тұрғын үй төлемдерін алушының төлем сомасы _________
3.8 Қайтарылуға тиіс сома _______________________________
4. Қайтару себебі______________________________________
(қайтаруды талап ететін себебі көрсетілсін, мысалы, қызметкер жұмыстан шығарылды, механикалық қате, банктің қатесі және т.б.)
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:
Мекеме __________________________
ЖСН ___________________________________________
БИК__________________________________________________
ЖСК_________________________________________________
5. Басшы ________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
6. Қаржы бөлімшесінің бастығы ________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
7. Бас бухгалтер ________________________
(Т.А.Ә.(бар болса), қолы)
М.О. ________________________
(күні)
Тұрғын үй төлемдерін алушының жеке арнайы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға оның келісімі туралы өтініш
Мен _______________________________________________________,
(Т.А.Ә., туған күні)
ЖСН _________________________________________________,
___________________________________________ сомадағы (лардағы)
(сома жазбаша)
____________________________________________________________
(қате есептелген тұрғын үй төлемдерін бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда әр төлем тапсырмасына қайтарылуы тиіс сомалар бөлек көрсетіледі)
Менің жеке арнайы шотыма қате аударылған тұрғын үй төлемдерін қайтаруға келісім беремін.
________________ ______________
(қолы) (күні)"