"Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 334 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 308 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 308 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 762 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімін қолдану кезінде - уақытша әкімшінің және банкроттық туралы іс қозғалған кезде уақытша басқарушының кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      Заңның 71-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 89-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тізілімді жүргізуді оңалту рәсімін жүргізу кезінде – оңалтуды басқарушы және банкроттық рәсімін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушы жүзеге асырады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

      Талаптар, егер осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

      Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жолданады.

      Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

      Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.

      Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

      Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.

      5. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

      Осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары, осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде оңалтуды басқарушыға қолданылады.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы қол қояды, осы тармақта белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

      1) уақытша әкімші – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      14. Уәкілетті орган уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.

      15. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

      1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

      2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

      Талаптар, егер осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.

      Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жолданады.

      Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

      Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.

      Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот банкроттық рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.

      Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.

      Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.

      Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мәлімдейді.

      22. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша басқарушы немесе банкроттықты басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Уақытша басқарушы таныған кредиторлардың талаптары тізілімге енгізіледі.

      Осы Қағидалардың 21-тармағының талаптарына сай келетін өтініш болған кезде кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары да тiзiлiмге енгiзiледi.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.

      Осы Қағидалардың 22, 23, 24 және 25-тармақтарының талаптары осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде банкроттықты басқарушыға қолданылады.";

      29, 30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тізілімнің әрбір кезегі бойынша уақытша басқарушы осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес бөлек іс қалыптастырады.

      Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша немесе банкроттықты басқарушы қол қояды, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.

      30. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

      1) уақытша басқарушы – соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) уақытша немесе банкроттықты басқарушы осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

      31. Уәкілетті орган уақытша немесе банкроттықты басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.";

      мынадай мазмұндағы 31-2-тармақпен толықтырылсын:

      "31-2. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 334 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен
бекітілген
  Нысан
  20 __ жылғы "____" __________
  (кредиторлар талаптарының
  тізілімін уәкілетті органның
  интернет-ресурсында
  жариялау күні)

Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

      _________________________________________________

      (оңалтылатын борышкердің атауы)

Р/с

Кезек, кредитордың Т.А.Ә. (бар болса)/атауы

Кредитордың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)

Қойылған талаптардың сомасы (теңге)

Әкімші қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешек туындаған күн

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1.

Бірінші кезек





1)

Тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен айқындалған, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтардың талаптары






Жиыны:





2)

Алименттерді өндіріп алу бойынша талаптар






Жиыны:





3)

Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақыдан асырылмай есептелген еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптар






Жиыны:





4)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешек






Жиыны:





5)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек






Жиыны:





6)

Борышкерде оңалту туралы іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы есебінен жалақыдан ұсталған табыс салығы бойынша берешек






Жиыны:





7)

Авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша талаптар






Жиыны:






Бірінші кезек бойынша жиыны:





2.

Екінші кезек





1)

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсімделген, борышкердің мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Екінші кезек бойынша жиыны:





3.

Үшінші кезек





1)

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек





2)

Борышкер салық есептілігіне сәйкес есептеген, салық қызметі органы өткен салық кезеңдері мен оңалту рәсімі қолданылған салық кезеңі үшін салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша берешек






Үшінші кезек бойынша жиыны:





4.

Төртінші кезек





1)

Азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары






Жиыны:





2)

Кепілді өткізуден түскен сома мөлшерінен асатын кепілді кредиторлардың талаптары






Жиыны:






Төртінші кезек бойынша жиыны:





5.

Бесінші кезек





1)

Залалдар, тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар)






Жиыны:





2)

Еңбек қатынастары оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан басталған уақыт кезеңі ішінде туындаған кредиторлардың борышкерде оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жыл алдындағы күнтізбелік он екі ай бұрын қалыптасқан орташа айлық жалақы мөлшерінен асатын еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша талаптары






Жиыны:





3)

Оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанға дейін бір жылдан бастап есептелген кезеңде қызметкердің жалақысын көтеру нәтижесінде қалыптасқан еңбекақы және өтемақылар төлеу бойынша кредиторлар талаптарының ұлғаю сомасы






Жиыны:





4)

Талаптар қою мерзімі өткеннен кейін мәлімделген талаптар





...







Бесінші кезек бойынша жиыны:






Тізілім бойынша жиыны:





6.

Танылмаған талаптар:






Жиыны:





      Әкімші

      ______________________________________ ___________ ____________________

      (борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса))            (қолы)            (Т.А.Ә. (бар болса))

      М.О. (бар болса)