"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 299 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз!

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақта:

      1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері аясындағы, аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері аясындағы салаларды қоспағанда, табиғи монополиялар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны, қоғамдық маңызы бар нарықтарды реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту;";

      "4) телекоммуникациялар және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері, аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтерін қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, қоғамдық маңызы бар нарықтарда реттеу мен бақылау, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеу;";

      2-тармақтағы 4) тармақша алып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 7-кіреберіс.";

      15-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) табиғи монополиялар;";

      мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда;";

      27) және 31) тармақшалар алып тасталсын;

      16-тармақта:

      61) және 62) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 64-3), 64-4), 64-5), 64-6) 64-7), 64-8) және 64-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      64-4) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      64-5) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту;

      64-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеу және бағалау әдістемесін бекіту;

      64-7) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін бекіту;

      64-8) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін бекіту;

      64-9) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін бекіту;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының және оларға шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің шекті мәндерін белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      257) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "257) тауарлардың өзара алмастырылу, оларды сатып алуға қолжетімділік өлшемшарттарын, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, қаржы ұйымдарына қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекiту;";

      мынадай мазмұндағы 257-1), 257-2), 257-3), 257-4), 257-5) және 257-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "257-1) мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіту;

      257-2) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын бекіту;

      257-3) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін бекіту;

      257-4) қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін бекіту;

      257-5) тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту;

      257-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту;";

      258) және 259) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "258) монополиялық жоғары (төмен) немесе монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемелерді бекіту;

      259) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жіберу, сондай-ақ оны интернет-ресурста орналастыру;";

      мынадай мазмұндағы 259-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "259-1) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстарды жіберу;";

      263), 284), 339-22) және 339-23) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақта:

      75), 77), 78) және 80) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";

      "77) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      78) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;";

      "80) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды терiс пайдаланудың алдын алу және оны жою;";

      мынадай мазмұндағы 81-1), 81-2), 81-3), 81-4), 81-5), 81-6), 81-7), 81-8), 81-9), 81-10), 81-11), 81-12), 81-13) және 81-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "81-1) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) жобаларын қалыптастыру және бағалау, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштерін мониторингтеу және бағалау әдістемесін әзірлеу;

      81-2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлеу;

      81-3) мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемелерді, мемлекеттік кәсіпорындарға және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаларға және олармен үлестес заңды тұлғаларға қатысты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу;

      81-4) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлеу;

      81-5) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлеу;

      81-6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын қарау жөніндегі келісу комиссиясының әрекет ету тәртібін және оның құрамын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша әзірлеу;

      81-7) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде осы нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда, реттеуді енгізу;

      81-8) жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) мемлекеттік баға реттеуді енгізу;

      81-9) нарық субъектісі (нарық субъектілері) жіберетін монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актісіне сәйкестігін белгілеу;

      81-10) қоғамдық маңызы бар нарықтарды талдау әдістемесін әзірлеу;

      81-11) тиісті салада (аяда) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын қалыптастыру және сапасын бағалау әдістемесін әзірлеу;

      81-12) тариф белгілеудің ынталандырушы әдістерін ескере отырып, тарифті есептеу әдістемесін әзірлеу;

      81-13) тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлеу;

      81-14) қаржы нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін әзірлеу;";

      82) және 83) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келісу;

      83) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйiне талдауды жүзеге асыру;";

      86), 87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен), монопсониялық тұрғыдан төмен бағаны анықтау;

      87) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу;

      88) банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және алу;";

      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-1) нарық субъектілеріне:

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі нормаларының бұзылуын тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;

      бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

      экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттілігі;

      егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығару;";

      90), 91) және 92) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "90) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізу;

      91) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысу;

      92) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 92-1), 92-2), 92-3), 92-4), 92-5), 92-6), 92-7), 92-8) және 92-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "92-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асыру;

      92-2) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;

      92-3) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;

      92-4) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізу;

      92-5) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою;

      92-6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолдану;

      92-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      92-8) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілеу;

      92-9) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімдерін интернет-ресурста орналастыру;";

      94) және 95) тармақшалар алып тасталсын;

      96) және 97) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) реттеушi органдармен бiрлесiп, нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу бойынша бiрлескен iс-шаралар өткізуге қатысу;

      97) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабардар ету;";

      99), 100), 101), 102), 103), 104) және 105) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "99) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша сараптамалар жүргізу және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар беру;

      100) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат беру;

      101) тауар нарықтарының шекараларын айқындау;

      102) мыналардың:

      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;

      мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғалар құру туралы өтінішхаттың;

      өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпараттың;

      шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпараттың үлгi нысандарын белгілеу және айқындау;

      103) нұсқаманы (өзiнiң немесе аумақтық бөлімшесінің) қайта қарау, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған нұсқамаларды тексеру;

      104) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда нарық субъектiсiн мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлiмшелерi базасында бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаны бөлiп шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгiну;

      105) тіркеуші органдарға мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсыну;";

      134) және 135) тармақшалар алып тасталсын;

      140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "140) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жағдайлары туралы хабардар ету;";

      147) тармақша алып тасталсын;

      148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "148) осы іс-қимылды жүргізетіні туралы хабарлама беретін қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының қызметіне табиғи монополия субъектісінің қатысу жағдайларын қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуын, сондай-ақ оның "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуын келісу;";

      150) тармақша алып тасталсын;

      152) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "152) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау;";

      156) және 242) тармақшалар алып тасталсын;

      255) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "255) жеке тарифті бекіту;";

      266-12) тармақша алып тасталсын;

      266-15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-15) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу;";

      266-16) тармақша алып тасталсын;

      18-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мынадай:

      монополияға қарсы орган, сот, қылмыстық қудалау органдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеу үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына сол бір тергеу объектiсiне қатысты басқа тергеу жүргiзiлген;

      сараптама жүргiзiлген;

      егер Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға тергеу жүргізу кезінде белгілі бір тауар нарығында үлестің елу пайыздан асатынына қарамастан, тауар нарығындағы нарық субъектінің жағдайы үстем болып табылмайтындығы анықталатын болса, тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы;";

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу;";

      15), 16) және 20) тармақшалар алып тасталсын;

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік органдарға олар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайда, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлікті иеліктен айыру туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізу;";

      24) тармақша алып тасталсын;

      27) және 31) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) қолданылу мерзімдерін белгілеу;";

      "31) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу, оның негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жиырма бесінші, жиырма алтыншы, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші және алпыс алтыншы абзацтарын және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың бір жүз жиырма екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев