"Тауар берушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 997 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 274 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 464 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.07.2018 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауар берушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 997 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 65-66-67, 504-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 4175 тапсырмасына сәйкес және жануарлардың аусылына қарсы профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев