Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.11.2023 № 1022 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 264 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген |
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен базалық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру әрбір нысан бойынша жеке шарт жасаса отырып, қаржыландырудың әртүрлі нысандары бойынша бір мезгілде жүзеге асырыла алады.
3. Гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға арналған шарт (бұдан әрі – гранттық қаржыландыру шарты) конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет субъектісі, жобаның ғылыми жетекшісі мен уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлға арасында жасалады.
4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған шарты (бұдан әрі – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шарты) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды жүзеге асыратын тұлғамен жасалады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру тәртібі
5. Базалық қаржыландыру уәкілетті органда аккредиттелген және салалық уәкілетті орган айқындаған, олар үшін басым бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырманы және мемлекеттік тапсырысты орындайтын, мемлекеттік ғылыми ұйымдарға және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдарға, мемлекеттік жоғары оқу орындарына, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде заңды тұлғаларға тиесілі, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – субъектілер) бөлінеді.
6. Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін салалық уәкілетті органдардың ұсынысы негізінде уәкілетті орган қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
7. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, әкімшілік және қызмет көрсету персоналына еңбекақы төлеуге, сондай-ақ субъектілердің ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.
8. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган айқындаған олар үшін басым бағыттар бойынша соңғы екі жыл бойы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырма және (немесе) мемлекеттік тапсырыс алмайтын базалық қаржыландыру субъектілері базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесінен шығарылуға жатады.
9. Базалық қаржыландыру субъектілері салалық уәкілетті органға, базалық қаржыландырудың бекітілген нормаларына сәйкес базалық қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінімді жыл сайын жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.
10. Базалық қаржыландыру нормаларын уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
11. Салалық уәкілетті органдар базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді уәкілетті органға енгізеді.
12. Уәкілетті орган базалық қаржыландыру бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – РБК) қарауына енгізеді.
13. Базалық қаржыландыру субъектілерін қаржыландыруды уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырады.
14. Базалық қаржыландыру субъектілері есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы есепті ұсынады.
Салалық уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органға базалық қаржыландыру қаражатының пайдаланылуы туралы жиынтық есепті ұсынады.
15. Базалық қаржыландыру субъектілері тізбесіне енгізудің негізділігін және базалық қаржыландыру көлемін растайтын құжаттардың және ақпараттық деректердің дұрыстығын уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар және ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қамтамасыз етеді.
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру тәртібі
16. Гранттық қаржыландыру ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, ғалымдардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінеді.
17. Гранттық қаржыландыру іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеусіз және қайтарусыз беріледі.
18. Салалық уәкілетті органдар жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) айқындаған Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың басым бағыттарына сәйкес гранттық қаржыландырудың бағыттары мен көлемдері туралы ұсыныстарды еркін нысанда жолдайды.
19. Уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарын "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сараптама орталығы) салалық уәкілетті органдардың ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
20. Сараптама орталығы гранттық қаржыландыру бағыттары мен көлемі бойынша ұсыныстарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олар бойынша ұсынымдар алу үшін ұлттық ғылыми кеңестердің (бұдан әрі – ҰҒК) қарауына жолдайды.
21. Уәкілетті орган сараптама орталығы ұсынған ҰҒК ұсынымдарын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды ЖҒТК қарауына жолдайды.
22. ЖҒТК Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша гранттық қаржыландырудың негізгі бағыттары мен көлемдерін бекітеді. Уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар тиісті үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінім жасайды және бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен РБК қарауына шығарады.
23. Гранттық қаржыландыруды конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлға жүзеге асырады.
24. Гранттық қаржыландыру конкурстық негізде мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
25. Гранттық қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар:
1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;
2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;
3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады;
4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу.
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;
7) үй-жайды жалдау (жеке тұлғалар үшін);
8) жабдықты және техниканы жалдау;
9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары жатады.
26. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымдары тең шарттармен қатысуға құқылы.
27. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
28. Конкурстық құжаттамада және гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның атауы;
2) басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің (бұдан әрі – гранттық қаржыландыруға арналған өтінім) нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;
4) гранттық қаржыландыру конкурсының мақсаты;
5) жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыру көлемі мен шарттары;
6) гранттық қаржыландыруға арналған өтінім ұсынылатын тіл;
7) зерттеу түрлері мен қаржыландыру сомалары;
8) әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар;
9) биомедициналық этика мәселелері жөніндегі жергілікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы (объектісі адам болып табылатын зерттеулер үшін);
10) конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді және гранттық қаржыландыруға өтінімдер дайындау мәселелері бойынша консультациялар беруді жүзеге асыратын, конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның жауапты тұлғалары туралы деректер;
11) өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі.
29. Грант алуға үміткер қатысушы мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген қоса қаржыландыру туралы келісім тараптар ниеттерін растау болып табылады.
Жеке әріптестің болуы өтінімді қарауда және гранттық қаржыландыру алатын жеңімпазды айқындауда басым шарттардың бірі болып табылады.
30. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдары арқылы жарияланады және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
31. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім, гранттық қаржыландыруға арналған ілеспе хат конкурстық құжаттамаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
32. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган гранттық қаржыландыруға арналған өтінімдерді конкурсқа арналған өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
33. Сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасында белгіленген тәртіппен жасалған, гранттық қаржыландыру бойынша конкурсқа ұсынылған, қорытынды балдың шамасы бойынша сараланған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың (бұдан әрі – мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама объектілері) тізімін ҰҒК-ге ұсынады.
34. Сараптама орталығы уәкілетті органға және (немесе) салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей ҰҒК шешімдерін ҰҒК хаттамасынан үзінді түрінде жолдайды.
35. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесі гранттық қаржыландыруға арналған әрбір өтінім бойынша қабылданған және уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен ҰҒК шешімі болып табылады.
36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
37. ҰҒК қараған, қабылданған шешімдердің негіздемесін ескере отырып, гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері, МҒТС нәтижелері ескерілген конкурс жеңімпаздары, қортынды балдар туралы мәліметтер, сондай-ақ мақұлданбаған өтінім атауларының тізімі бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары сараптама орталығында сақталады және жариялауға жатпайды.
38. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары гранттық қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыратын уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі гранттық қаржыландыруды жүзеге асыруға уәкілеттік берген өзге тұлға арналған шарт жасайды, оған жеке нөмір тағайындалады.
39. Гранттық қаржыландыру қаражатын гранттық қаржыландыруға арналған өтінімге сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға тікелей басшылық жасау үшін өтінім беруші тағайындайтын жобаның ғылыми жетекшісі бөледі.
40. Гранттық қаржыландыруға арналған шарт бойынша орындаушылар уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық (жылдық) және қорытынды есептерді есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
41. Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган алынған аралық (жылдық) және қорытынды есептерді қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
Сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру және өткізу қағидасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерге МҒТС жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Сараптама орталығы алған аралық (жылдық) және қорытынды есептерді тиісті ҰҒК-нің қарауына үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
42. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, оның ішінде олар іске асырылып жатқан жерге бара отырып, іске асырылу барысы мен олардың нәтижелілігі мониторингінің нәтижелеріне негізделген ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібі
43. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және конкурстық негізде немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.
44. ЖҒТК уәкілетті орган ұсынған ҰҒК шешімдерінің негізінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттарын, сондай-ақ қаржыландыруға жататын нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды айқындайды.
45. Елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарлары, индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламалары және стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бағытталған басқа да бағдарламалар ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың негіздемесі болып табылады.
46. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру туралы шешімді ЖҒТК ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
47. Нысаналы ғылыми (ғылыми-техникалық) бағдарлама (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) нысаналы бағдарлама шеңберінде нақты міндеттерді шешуге бағытталған бірнеше кіші бағдарламаларды қамти алады.
Нысаналы бағдарламаларды кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін проблемалардың ауқымы мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты нәтижеге қол жеткізе отырып, оларды шешуді ұтымды ұйымдастыру қажеттігілігіне қарай жүзеге асырылады.
48. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған конкурсты мерзімді баспа басылымдарында жариялайды және ол конкурс жариялаған уәкілетті немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
49. Уәкілетті орган конкурстық негізде іске асыру және конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды МҒТС өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
50. Конкурстық негізде және конкурстық рәсімдерден тыс іске асыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды сараптама орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында белгіленген рәсімдер жүргізілгеннен кейін тиісті ҰҒК қарауына жолдайды.
ҰҒК конкурстық негізде іске асыру және конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды, сондай-ақ олар бойынша МҒТС нәтижелерін қарайды және қаржыландыру сомаларын көрсете отырып, оларды қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тарту туралы шешімдер шығарады және оларды ЖҒТК-ге жолдайды.
51. ЖҒТК ҰҒК шешімдері негізінде конкурстық негізде іске асыру және конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды мақұлдайды (қабылдамайды).
52. Уәкілетті орган конкурстық негізде іске асыру ұсынылатын, ЖҒТК мақұлдаған нысаналы бағдарламалар бойынша мәліметтерді, сондай-ақ конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын нысаналы бағдарламаларды салалық уәкілетті органдарға жолдайды.
Ғылыми, ғылыми-техникалық нысаналы бағдарламаларға өтінімдер, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен РБК қарауына шығарылады.
53. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға берілетін өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді өткізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар:
1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;
2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;
3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер жұмыстың орындаушыларын және жұмыстың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері көрсетіле отырып, ұсынылады;
4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу.
Бір жабдық құны 4000 АЕК-тен асқан жағдайда, оның мемлекеттік ұйымдар жанында жұмыс істейтін, ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханаларда болмауын жазбаша растау, оны сатып алу қажеттілігінің негіздемесі ұсынылады.
Мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын өтінім берушілер гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құны 4000 АЕК-тен асатын жабдықты жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін алты ай ішінде мемлекеттік ұйым жанында жұмыс істейтін ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертхананың теңгеріміне береді;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;
7) үй-жайды жалдау (жеке тұлғалар үшін);
8) жабдықты және техниканы жалдау;
9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары жатады.
54. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары бірлесіп орындаушы ретінде қатысуға құқылы.
55. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттаманы уәкілетті орган не салалық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
56. Конкурстық құжаттамада және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
1) конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның атауы;
2) басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің (бұдан әрі – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім) нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар;
4) қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты;
5) жеке әріптес тарапынан тең қаржыландыру көлемі мен шарттары (уәкілетті және салалық уәкілетті орган жеке әріптестің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу қажеттігі мен шарттарын айқындайды);
6) гранттық қаржыландыру үшін берілген өтінімнің қай тілде ұсынылғандығы;
7) зерттеу түрлері мен қаржыландыру сомалары;
8) әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де мәліметтер мен ерекше талаптар;
9) биомедициналық этика мәселелері жөніндегі жерлікті және (немесе) орталық комиссияның оң қорытындысы (объектісі адам болып табылатын зерттеулер үшін);
10) конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінімдер дайындау мәселелері бойынша консультациялар беруді жүзеге асыратын, конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган туралы мәліметтер;
11) өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі.
57. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған өтінімдерді ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың ұйымы, бірлесіп орындаушыларды көрсете отырып, уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға екі данада ұсынады.
58. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бағдарламалық- нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға түскен өтінімдер негізінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын қалыптастырады және жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде сараптама орталығына жолдайды.
59. Нысаналы бағдарлама алуға үміткер қатысушы мәліметтерге қосымша жобаны ішінара қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеке әріптес тарапынан қоса қаржыландыруды тарту туралы мәліметтер бере алады. Олардың іске асыру мерзімдері мен салым сомасын көрсету арқылы қоса қаржыландыру туралы келісім тараптардың ниеттерін растау болып табылады.
60. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға берілетін өтінім, ілеспе хат, конкурстық құжаттамаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
61. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
62. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері, оның ішінде ҰҒК отырыстарында қаралған негіздемелер, конкурс жеңімпаздары туралы мәліметтер, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы мақұлданбаған өтінімдер атауының тізімі олар бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама орталығының интернет-ресурсына жариялануға жатады.
ҰҒК мүшелерінің дауыс беру хаттамалары сараптама орталығында сақталады және жариялауға жатпайды.
63. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт орындаушылары уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық (жылдық) және қорытынды есептерді есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей тапсырады.
64. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган алынған аралық (жылдық) және қорытынды есептерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдастыру мен өткізу қағидасына сәйкес МҒТС өткізуді ұйымдастыру және кейін тиісті ҰҒК-ге қарауға беру үшін өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сараптама орталығына жолдайды.
Конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттамаға сәйкес аралық (жылдық) және қорытынды есептерге нысан бойынша есептілік нысаны қоса беріледі.
65. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру және ағымдағы жылы қаржыландыру, қаржыландыруды тоқтату ҰҒК шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.