"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 239 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.


Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы




"Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, "Ақмолажолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Ақтөбежолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Алматыжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Атыраужолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Батысжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Жамбылжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Шығысжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Қарағандыжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Қызылордажолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Қостанайжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Маңғыстаужолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Павлодаржолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Солтүстікжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Оңтүстікжолзертхана" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
Астанақалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің,
"Алматықалалықжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыстың қауырттылығы және күрделілігі үшін


ЛА-дан 50 %-ға дейін

Ұйым басшысы белгілеген тәртіппен

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев