"Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына толы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 226 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:

      "

5

"Қалбатау –Майқапшағай" 906-1321 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау

159069200

2017 – 2041

135208800 мың теңге,
434,5 млн. АҚШ долларына дейін балама

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қытайдың экспорт-импорт банкі

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев