Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға және кохлеарлық имп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 169 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қарашадағы қорытындысы негізінде, Григорьевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі Набережное ауылының "Центральная" көшесін "Шәмші Қалдаяқов" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Григорьевка ауылдық
      округінің әкімі О. Веневцева-Лесовая