"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 143 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 20-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдары кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өзі қозғалатын суасты снарядтарын (торпедаларын) және кеме гидравликасының жабдықтарын (бұйымдарын) жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.".

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев