"Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 776 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2023 № 776 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 687-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мазутты, авиациялық отынды (МемСТ 10227-86 "Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар") - "ҚазМұнайГаз -Аэро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      3) тармақша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б.Сағынтаев