1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 145 "Мәртөк ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4911 болып тіркелген, 2016 жылдың 06 маусымында "Мәртөк тынысы" газетінде және 2016 жылдың 19 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Қалауов |