"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 49 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 146) жолмен толықтырылсын:

      "146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;";

      ведомстволардың функцияларында:

      реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірлері 5,14 және 50-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:

      "57. "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      58. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев